Мен жаныммен сүйемін осы ауылды, Мен қаныммен сүйемін осы ауылды. Қалай ғана сүймейін, қалай ғана, Кіндігім мен кессе ол тұсауымды. Сүйем оның құмын да, қыраттарын, Сүйем оның қасиетті бұлақтарын. Қалай ғана сүймейін, Осы ауылдың Бала кезде бір қызын ұнатқанмын! Осы ауылда тербелген бесігім де, Осы ауылда қойылған есімім де. Араздасып қалғанда ара ағайын Ақсақалы жүреді кешірімге. Көріп өстім таң атып, күн батқанын, Көріп өстім тағдырлы мың қатпарын. Қалай ғана сүймейін, Бейіт болып Осы ауылда жатыр ғой қымбаттарым. Автор: Әлібек Шегебай
Туған жер, кіндік қаным, тамған жерім, Шыр етіп, жарық дүние келген жерім. Бөленгем, ақ бесікке сонда алғаш, Айналдым, мен өзіңнен туған жерім. Бұлақтар бастау алған Алатаудан, Өзен боп Аспарамдай сарқыраған. Кең дала, сай-төбелі, шыбырым бар, Бұл менің, туған жерім Қызыл Еңбек. Жаз жайлау болған сонау Қасқасуым, Көк майса, қызыл, сары гүлге толған. Арша мен шырша өскен тау бөктерлеп, Айналдым жер ұйығым туған жерім. Автор: Тұрсынбек Кәрпбай
Мамандық таңдау бұл өте маңызды іс. Себебі таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтын әр алуан түрлері болады. Олардың барлығы Отан үшін қызмет атқарады. Ал туған жерін үшін қызмет атқару бұл маңызды мәселе. "Жақсы жұмыс жанға тыныс" дегендей әр адам өзіне тән мамандықты таңдау керек.
-Сәлем!
-Сәлем!
-Халің қалай?
-Жақсы.Өзіңнің xалің қалай?
-Керемет!!
-Бүгін не істедің?
-Біз бүгін футбол ойнадық.Сол футболдан жекіп алдық,сондықтан менің көңіл күйім көтеріңкі болып тұр.Өзің не істедің?
-Жеңісің құтты болсын! Ал мен бүгін әкеме бақшада көмектестім.Алма ағашын отырғыздық.Қазір тағы алмұрт ағашын отырғызайын деп жатырмыз.Жүр,бірге отырғызайық!
-Кеттік!
1 Республикалық Кітап мұражайы қай жылы пайда болды? 2 оның көрмелері ненің дамуына жол ашты? 3 мұражайда карталардың неше данасы сақталған? 4 ал сен кітапханада болып көрдің бе?