Ответ:
Бұқаралық коммуникация құралдары ғасырлар иірімінде қарыштап дамыды. ХV ғасырда − кітап, ХVІ − газет, ХVІІ ғасырда журнал жарыққа шықты. ХХ ғасырда радио мен телевизияның жасалуы ақпарат саласында орасан зор толқыныс тудырса, ал, ХХІ ғасырда аталмыш коммуникация құралдарын бір арнаға тоғыстырған интернет пайда болды. Қазақ интернет-журналистикасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, нақтырақ айтқанда, 1995 жылы қалыптасты. Сөйтіп ондаған жылдың ішінде отандық интернет желісі -Қазnet-тің үлкен бір саласына, бір сегментіне айналды. Қазnet-тің жандануы нәтижесінде жаңа медиа арналары дамыды: көптеген БАҚ дәстүрлі түрден заманауи мәтіндер мен құрылымдарға ауысты, қазақтілді контенттер мен аудиовизуалды ақпарат көлемі артты, таралу ауқымы кеңейіп, қолжетімді бола түсті.Осының қарыштап дамуы нәтижесінде және оның базасында интернеттің пайда болуына қарай журналистиканың өзіне тән жаңа формасы дүниеге келді. Ол – интернет журналистика. Әлемді ақпарат билеген заманда дәстүрлі медианың болашағы алаңдатпай қоймайды. Өйткені бүгінде қандай жаңалықты болмасын, оқырманға һәм көрерменге әп-сәтте жеткізуші электронды БАҚ-дың дәурені жүріп тұр.
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Менің атым- Айнура. Менің отбасыма алмұрт өте ұнайды. Мен жазда әжемде алмұрт тердім. Алмұрт өте пайдалы.
Маған алмұрт өте ұнайды.
Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ адам баласы өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды. Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. Өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады. Қазақта «қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесек те, амандық болсын» деген де сөз бар ғой… «Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар. Тіпті адам ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып алуға болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған. Нанның қасиетті Құраннан да жоғары бағаланатынын осыдан-ақ білуге болады. «Адам атамыз бен Хауа анамыз пейіштен қуылған кезде ит бірге ілесіп кетіп, сонда бидай иттің ұртында келген дейді. Итті «жеті қазынаның бірі» дейтін себебіміз адамзат сол иттің ырыздығын жеп жүр» деген бұрыннан келе жатқан аңыз бар. Бір таңданарлығы, жер бетінде басқа дақылдардың, жемістердің барлығының жабайы түрі бар. Айталық, алманың, жуаның, сұлының дегендей, барлығының жабайы түрі табиғатта кездеседі, бірақ бидайдың жабайы түрі жоқ. Сол себептен де, қазіргі тілмен айтсақ, бидайдың ғарыштан келгеніне иланасың. Шынымен, осы қисынға, «бұл жердің дәні емес, бізге бейнебір ғарыштан жеткен» дегенге біртүрлі сенгің келеді. Үйге келген кез келген адам асығыс болса да, өзге тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады. Адамдардың арасындағы ынтымақ бірлік, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас, ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы нығая түседі, яғни өзі нан ауыз тиген үйіне қазақ жамандық тілемеген. Нанын берген адамға жамандық ойламаған. Қазақтың «бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан келіп шыққан.<span>Бір жолы Жаңа жыл кешінде неше түрлі тағам түрін дайындап, дастарқанға толтырып қойып жатқанымда ата үстелді көзімен бір шолып қарап: «Балам, бұдан кейін қандай дастарқан жасасаң да, дастарқанға алдымен нан қоюды ұмытпа!» – деді. Мен сонда жастығым ба, абайламай өзімның дастарқанға алдымен нан қоймаған қателігімді мойындап, екінші қайтып қайталаған жоқпын. Өмір бойы ұмытпадым да. Менің сол кезде жіберген қателігімді қазір жиі әрі кез келген жерде кездестіруге болады. Қандай қонаққа барсақ та, мейрамханаларда болсын емен үстел майысып, тіпті бұрын көрмеген тағамның түр-түрі тұрғанымен, нанды соңынан әкеліп жатады. Кейбір адам қонаққа шақырып отырып «ойбұй, нан қоюды ұмытыппыз» деп жатады, яғни нан қоюды ұмытып кетіп жатамыз. Дастарқаныңыз берекелі болсын десеңіз, үйіңізге ырыс кірсін десеңіз, отырған адамдардың ықылас-пейілі өз шаңырағыңызға аусын десеңіз алдымен дастарқаныңызға нан қоюды ұмытпаңыз. Өйткені жай нанның өзінде пенделердің көзіне көрінбейтін адамдарды тартатын қасиет бар.</span>