Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Табиғат көптеген акын-жазушылардың әңгімесінде арқау болған. Қазақ көркем әдибиетінде табиғатты сипаттап бейнелеу - дәстүр сияқты болып көрінеді. Себебі, әр ғасырдың жазушылары табиғат жайлы міндетті түрдей жазып, өз шеберлегін шындаған. Осыған мысал, жазба қазақ әдебиетінің қалаушысының - Абай Құнанбаевтің шығармалары: «Кең жайлау» , «Қыс» және тағы басқа өлендер мен әңгімелер.
Жалпы есім-кіші әріппен жазылатындардын зат есімдердің барі.Мысалы:кітап,табиғат.
Жалқы-Бас аріппен жазылатын зат есімдер.Оған адамның аты,Жер-су аты, Қалалардың аты жатады.
Мысалы:Мадина,Риддер,Каспий
Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды, ертегіні термек үшін. Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтығып тыңдайтын. Бұл мысалдардағы үшін, мен, ғана деген сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет атқарып тұр. Бірінші сөйлемде үшін шылауы ермек және термек сөздеріне мақсат мәнін үстеп, ол сөздерді жазбаймын сөзіне бағындыра байланыстырып тұрса, екінші сөйлемде мен шылауы қазіргісі деген сөз бен келешегі деген сөздерді ыңғайластық мәнде бір бірімен салыстыра байланыстырып, олар сөйлемнің бірыңғай мүшесі екенін көрсетіп тұр.Үшінші сөйлемде ғана шылауы ылғи деген мезгілдік мағынадағы сөзге шектілік, күшейткіш мән үстеп тұр.
Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылығы :
1) Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.
2) Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.
3) Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.Толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстейді.
4) Шылаулар түрленбейді.
Шылау сөздер дегендеріміз - ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркіндерінен біржола қол үзіп, әрі осы аталған негізгі үш белгі жөнінен де дербестіктерінен айырылып, өз алдына категория болып қалыптасқан және жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет ететін сөздер.
Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар жәнедемеуліктер