Ответ:
жағдаят сен кеше досыңмен бірге футбол ойнауға бардың
Объяснение:
Я сделал и мне сказали правильно
Мектеп бітіргеннен кейін әркім маңызды таңдау жасауы керек – өзінің болашақ мамандығын таңдау. Менің болашақ мамандығым, ең алдымен, маған ұнайды. Бала кезінде барлығы ғарышкер, дәрігер, полиция, әскери болуды армандаған. Бірақ армандар барлығынан орындалмайды, мүмкін, денсаулық жағдайы бойынша немесе жалқау салдарынан…
Мамандық таңдау-бұл өте маңызды. Бұл тек қана жұмыс емес, сонымен қатар сенің болашақ өмірің де, ол тек қана ақша мен даңққа ғана емес, сондай-ақ рахат әкелуі керек.
Мен сәулетші болғым келеді. Неге осы мамандықты таңдадым? Өйткені мен бала кезімнен сурет салуды жақсы көремін, ал одан асқан кезде мені физика, алгебра және геометрия қызықтырды. Менің ойымша, бұл өте қызықты мамандық.
"Тіл-ақылдың өлшемі" демекші,сенің сөйлеу тіліңнен сені танып,білуге болады.Сондықтан да,өз қазақ тіліңді шұбарламай әдемі сөйлеуге тырыс.
"Ана сүті бой өсіреді,ана тілі ой өсіреді" деп дана халқымыз айтып кеткендей,ана сүтімен өскен сен келешекте ары қарай даму,өркендей түсу үшін туған тіліңді меңгеруің қажет.
Әрине,қазірге таңда бәрі де көп тіл біліп,оларда еркін сөйлегілері келеді.Алайда бұл жерде туған тіліміздің қандай мәртебеге ие екенін ұмытпағанымыз жөн.Себебі,ата-бабамыз "ана тілің алпыс тілге татиды" деп бекер айтпаған деп білемін.
"Тілі өлген ел - тірі өлген ел" дегендей,қазақ тілін өзің ғана меңгеріп қана қоймай,өзгелерді де шақыр,баулы.Себебі,тіл елдігіміздің айғағы,алтын қазынамыз.
"Туған ел-тұғырың,туған тіл-қыдырың" демекші,өз ана тіліңнің қадірін біл.Туған ел мен туған тілдің бір ұғым екендігін ұмытпағайсың.
Ұстаз - ұлағатты ұғым
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.