1. Жақсы
жақсы бала, жақсы дайындылу
Ол сабаққа жақсы дайындалды.
Жылы
Жылы киім, жылы ауа райы
Қыста жылы киім кию керек.
Түзу
Жоспар түзу, түзу отырды
Ол әрқашан түзу отырды.
Бүлдіру
Жерді бүлдіру
Олар жерді тыңмен бүлдірген
Күлкі
Баланның күлкісі, өтірік күлкі
Менің күлкім өте қатты
Баланың күлкісі ең жұғымды
Менің арманым дүние жүзін аралап шығу. Оған қазірден бастап дайындалудамын. Қалай дейсіз ғой? Ең бірінші күнделікті сабақтарыма дайындаламын. Онан соң бір сағат уақытымды тіл үйренуге жұмсаймын. Мен қазір ағылшын тілін жетік білемін. Енді қытай тілін үйрене бастадым. Бос уақыттарымда тағы әр елдің әдет-ғұрыптарын оқып, танысамын. Осылай арманымның орындалуына оң қадамдар жасаудамын.
Ата - баланың әкесінің және анасының әкесі.
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесі. Одан арғылары үлы әже деп аталады.
Әке - баласы бар ер адам
Ана - балалы әйел, туған шеше.
Аға - бірге туған ағайындылардың ер жағынан жасы үлкені.
Іні - бауырлас ер адамдардың жас жағынан кішісі.
Бауыр - бірге туған қыздардың үлкендеріне бауырлас ер адамдардың жасы жағынан кішісі.
Әпке, апа - бірге туған қыздардың жас жағынан үлкені.
Сіңілі - бірге туған қыздардың үлкендеріне жас жағынан кішісі.
Қарындас - бірге туған ағайынды ер адамдардан жасы кіші қыздар.
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.
<span>Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында. </span>
Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.
<span>Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті. </span>
Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу.
Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзіңді-өзің ойша болса да басқа адамдардың орнына қоя білуің керек. Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті.
<span>Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.
</span>
Я могу быть твоим переводчиком я знаю хорошо казахский