<span>1. Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең – атаң қымбат,
Аймалайтын – анаң қымбат,
Асқар тауың – әкең қымбат (Қазыбек би) .
2. Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам Отанын сүйеді.
3. Жауда қалған бұлбұлдан Отанға кайтқан ит артық.
4. Орағың өткір болса, қарың талмайды,
Отаның берік болса, жауың алмайды.
5. Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.
6. Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді.
7. Отан от басынан басталады.
8. Отан оттан да ыстық,
жалыны бар шоқтан да ыстық.
9. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
10. Отансыздың оты жанбайды.
11. Отан үшін еңбек етсең
халқыңның сүйген ұлы боласың.
12. Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.
13. Отан үшін отқа түс – күймейсің,
Арың үшін алыссаң – өлмейсің.
14. Отаны бірдің жүрегі бір,
Жүрегі бірдің тілегі бір.
15. Отанын сатқан оңбас.
16. Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды.
17.Отаның тыныш – сен тыныш.
</span><span>
</span>
Қаламның мұражайлары өте әдемі әрі биік. Түрлі тарихымыздың ескерткіштері сақталған. Мен оны көріп таң қалдым. Сондықтан қаламыздағы мұражайлырымыз өсе берсін!!!
<span>Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір
мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік
пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт
беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен
қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың
мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не
шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар
достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден
арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік
достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен
көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті:
“Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”,
“Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”.
Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік
алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос
дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік
мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы
саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату
шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
</span>