Көше кең
Жаяужол тар
Сызғыш қысқа
Жол ұзын
Дүниедегі тіршілік иелерінің барлығы өмір сүру үшін еңбектенеді. Еңбек тіршілік көзі. Еңбек ауадай керек. Себебі, еңбектенбесең өз қажетіңді өтей алмайсың. Ақыл-есі түзу, дені сау адам барлық жақсылық еңбекпен келетінін біледі. Сондықтан еңбектеніп, өз мақсатына қол жеткізгісі келеді. Мектептегі пәндерден жақсы баға алу үшін де еңбектені керек. Білімді азамат болу үшін де еңбектену керек. Жақсы маман болсаң жақсы табыс табасың, ал жақсы маман болу үшін тер төгіп, уақытыңды бөліп, еңбектенуің керек. Міне, байлықтың көзі еңбекте деп бекер айтылмаған.
Правильно Қымбатты Алинаның!!!!!!
Келбетті, қара бұйра шашты, зейінді, ақылына заты сай қазаққа біткен біртуар ақын жазушы, зерек, мейірімді, кейінгіге үлгілі алаштын ұлы.
Ана шынында да өмір гүлі, күннің нұры екен. Әрбір Ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын Ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. Мен Анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол мектепте мұғалім болып істейді. Оның жұмысы өте қиын да, қызықты. Мектептегі әр баланың мінез-құлқын танып-білуге тырысатын анам маған қатал тәртіп қояды. Біз анам екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Мен қандай сұрақтар қойсам да анам жауап береді. Әсіресе мен кішкентай кезімдегі қылықтарымды еске түсіргенді ұнатамын. Анам мені еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан иіскеп тұрады. Ұйықтар алдында мен одан Абай, Сәкен, Ыбырай аталарымыздың балалық шақтары жайлы сұрай беремін, ол жауап беруден жалықпайды. Мен Анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін!