<span>Міне, сентябрь туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр. </span>
<span>Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар от басында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай!</span>
Біздің Қазақстанда басқа əдемі жерлер көп.Басқа елдерде осындай əдемі жерлер жоқ
Коктем келди,талдар гулдеп,жер жасыл килемге айналды тырналар келе бастады.Кун саулесиде адамга жагымды
Мен 9 жастамын.менын атам,анам,акем бар.атам мен ажем оте жаксы адамдар.акем карапайм киси.ол механик болып жумыс истейди.шешем оте сулы Адам. ол уй шаруасын жасайд
Ағаш тамырымен,
Адам досымен мықты.
Досы жоқ адам,
Тұзы жоқ тағам.
Есепті дос айрылмас.
Дос -егіз,дұшпан-сегіз.
Ескі достың көзінен жас шығады.