1)Елу шылбырдан алды,
Алпыс тізгіннен алды,
Жетпіс өре салды,
Сексен – тұсау салды,
Тоқсан – толқып қалды.
2)Кәрінің бары — игі.
3)Жақсы адам қартайса,
Жазып қойған хаттай,
Жаман адам қартайса,
Бықсып жанған оттай.
4)Өсетін елдің қарты Қазына болар.
Өспейтін елдің қарты Қазымыр болар.
5)Өмір қартайса да, Көңіл қартаймайды.
6)Су ағады, тас қалады,
Кәрі кетеді, жас қалады.
7)Қарты бар елдің Қазынасы бар,
Қызы бар елдің қазынасы бар.
8)Алпыс — дер шағы,
Жетпіс — мәр шағы,
Сексен — жер шағы
Тоқсан — шер шағы,
9)Бүгінгінің қартымыз,
Кешегінің артымыз.
10)Алтыға дейін бала ерке,
Алпыстан кейін шал ерке.
Спорт-денсаулық кепілі
Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу, т.б. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да енгізілген.
Біздің отбасымызда да анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды қалайды. Күнде тәңертең ерте тұрып, «Балапан» телеарнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймын. Аптасына үш рет «каратэ» спорттық секциясына барамын.
Өзіммен қатар құрдастарымды спортпен айналысуға шақырамын. Денсаулық-зор байлық.Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі, тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу.
Би- тубірі, -ші - қосымша.
Би- тубірі, -ле - қосымша.
Биле- түбірі, -у - қосымша.
Билеу-түбірі, -ші- қосымша
Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған.