Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті. Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге: - Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді. - Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей. Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды. - Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы. - Жоқ, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді. Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.
<span />
Отбасы адам баласының алтын дінгегі.Өйткені адам дүниеге келген сәтінен бастап ,осында ер жетіп отбасынан тәрбие алады.Сондықтан отбасы адамның аса қажетті ,әрі қасиетті алтын мектебі.Менің отбасымда төрт адам бар.Олар -әкем ,анам қарындасым және мен.Әкем ,дәрігер ,анам мұғалім.Менің қарындасым екінші сыныпта оқиды.Мен жетінші сыныпта оқимын.Менің ата -анам мейірімдіОлар әрқашанда ақыл кеңесін береді..Біз отбасымызда тату тәтті тұрамыз.Отбасымызбен бірге демалыстарда серуенге шығамыз,әр түрлі мейрамдарды ,туған күндерімізді бәріміз бірге тойлаймыз.Әр қашанда бір-бірімізге көмектесеміз.Үлкенге құрмет ,кішіге ізет -демекші ,сыйласу арқылы бірлікте өмір сүреміз.
1 адам көрікті жерді көргенде тамсанады
2 менің анам әлемдегі ең көрікті адам
3 аң аулаған адамды -аңшы дейді
4 аң аулаған аңшы өте ұқыпты болуы керек
5 қыста мұзды шыңды көруге болады
6 альпинисттар биік шыңдарды бағындырған
7 бұрынғы заманның адамдары жазық далада өмір сүрген
8 олар көшкенде жазық жолдармен жүрген
Ұшқыны ұлы Жеңістің»
Мақсаты:
Оқушыларға Ұлы Жеңістің қаншылықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру.
Отанын, елін, жерін қорғауға, оны сүюге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін
ояту.
Көрнекілігі: Слайдтар, бейнефильмдерден үзінді, сахна гүлдермен, ленталармен безендірілген.
Ұлы жеңіске арналған плакат «Ешкім де ұмыт қалмайды,
Еш нәрсе де ұмытылмайды.»
I-жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты қонақтар, соғыс ардагерлері, ұстаздар және оқушылар!
ІI-жүргізуші:
Жыл сайын 9 мамыр күні адамдар ескерткіштер мен обелисклерге асығады.
Олар жауынгерлердің тас мүсініне айналған бейнелеріне гүл шоғын қойып,
батырлар есімін еске алады.
I-жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сынары
Жігер менен құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
ІI-жүргізуші: Мезгілсіз туған ардагер ұлдар айбыны
Желбіре тулар, толықсып тұрса май гүлі
Қуану керек, қуану керек десек те...
Ұмыту қиын, ұмыту қиын қайғыны.
I-жүргізуші: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың, қай күні
Ұлы отаным басын иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
(Бір минут үнсіздік)
ІI-жүргізуші: Көрініс: Соғыстың басталуы
Қатысушылар: Әжесі: Аягүл Баймағанбетова
Қазақ қызы: немересі Айымжан Бекенова
Солдат: қыздың әкесі Сержан Аянгалиев
Келін: қыздың шешесі Эльвира Қуандыкова
Көрініс: Жаздың жайма шуақ күні. Жүрегі қуанышқа толы немересі алыстан әжетайлап мектеп бітіргеніне қуанышты жүгіреді.
Немересі:
Әже,Әже! Бүгін менен бақытты жан жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер
боп бастағым келеді. (Әжесі құшақтап еркелеп күледі)
Әжесі: Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет, балам! (Маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады)
(Әкесі
жымиып, салмақты кейіпте пышағын қайрап отыра береді. Келіне ыдыс алып
келе жатырып, тосынан естілген радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады)
Радиодан:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше, біздің ұлан байтақ жерімізге неміс
фашистері тұтқиылдан басып кірді. Герман елшісі соғыс басталғанын таңғы
7-де ресми түрде мәлімдеді.
Қолынан ыдысы түсіп кеткен келіні жылап бетін жабады
Немересі: Апа, соғыс, соғыс басталды(әжесін құшақтап жылайды)
I-жүргізуші: «Священная война» әні орындалады.
ІI-жүргізуші: «Жди меня» өлеңін оқитын Кажимова Зарина
I-жүргізуші: Жеңіс күні сыр ашып, сырды ақтардым,
Соғыс көптің байлады ғой бақтарын.
Бүгінгі бақыт үшін жанын қиған
Рухына бас ием боздақтардың!
ІI-жүргізуші: Міне, жеңістің 69 жылдығын өткізгелі тұрмыз.
Жеңіс... Ия оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе?
Ақыры
олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды. Бірақ сол Жеңіс
оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында талай миллиондаған асыл азаматтар
мерт болды. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті.
Фашисттердің тұтқын лагерінде қаншамасы өлтірілді. Ал тылда қалған
қарттар мен жас балалар соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп, бірде
аш, бірде тоқ, тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің де сағы сынбады.
Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған ұлт
өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі.
Ән «Ана туралы баллада»
I-жүргізуші: Тыныштық туралы
Биікке самғасын
Тыныштық ұраны
Қиырда шарласын.
Жетім боп ана мен балалар,
Ойран боп отбасы қалмасын.
Жол берме соғысқа, адамзат
Сен ғана тыныштық қорғаны.
II-жүргізуші: Соғыс, соғыс.
Соғыс- тажал, соғыс неткен сұм еді,
Сол соғыстан соқпай қалды қанша адамның жүрегі
Сол соғыстан өз үйіне оралмады қанша жан,
Қанша сұлу жесір қалды жарын күтіп аңсаған...
Көрініс: «Соғыстан қайтқан солдаттар»
I-жүргізуші: Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласын бізге төкті
Бағына талай миллионның
Баянды жеңіс күні жетті
Елге қауіп төнбесін
Есен аман болайық
Енді соғыс келмесін!
II-жүргізуші: Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ атанып,
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
БОЛА МА?
Приветиик.❤
Ловииии☻
Дəрігер:
-Кай жерін ауырады?
Арман:
-Басым жəне тамағым ауырады.Сосын қызуым көтеріледі.Жиі жөтелемін.
Дəрігер:
-Түсінікті.Аузынды аш, тамағынды көремін.
Арман:
-Жақсы.
Дəрігер:
-Енді жейденді шеш.Өкпенде тыңдаймын.Саған суық тиген.Үш күн сабаққа барма.Уйде емдел.Таңқурай қосылған шай, бал қосылған сүт іш.
Арман:
-Жақсы.
Дəрігер:
-Дəрі ішу керек.Оны дəріханадан алыңыздар.Мен дəрі жазып беремін.Дəріні сумен араластырып ішу керек.Сусынды көп іш.
Арман:
-Жақсы, анам дəріні дəріханадан алып береді.Маған анықтама жазып бересіз бе?
Дəрігер:
-Əріне, анықтама жазып беремін.Мектепке апарасың.Сау бол.
Арман:
-Рақмет, дəрігер, сау болыныз!
Надеюсь помогла!