Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.
Атау септік - футбол
Ілік септік - футболдың
Барыс септік - футболға
Табыс септік - футболды
Жатыс септік - футболда
Шығыс септік - футболдан
Көмектес септік - футболмен
Біздің сынып өте шулы,кешірімді және ең бастысы бір-біріне көмек беруші сынып.Барлық сыныптастарыммен достасып кеттім.Бір-бірімізге қиын жағдайларда көмектесеміз.Сыныбымыз ұйымшыл,жарыстарға белсене қатысады.Жүлделі орындарды алуға тырысамыз.Біз мұғалімдердің барлығын сыйлаймыз,әсіресе өзіміздің сынып жетекшімізді.Сынып жетекшіміз біздің екінші анамыз секілді болып кетті.Мен тоқсан аяғындағы демалыстарда,жаз айларының демалыстарында,сыныптағы достарымды өте қатты сағынамын!Мектеп,сынып менің екінші үйім!
<span>Ұнайтын шығар деп ойлаймын.Рахмет,саған Алтын ұя - мектеп!</span>
Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан-жануарлар көбейеді. Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жер дүниенің жаңару күні «Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, Ұлы жеңістің мерейлі тойы – осы көктемнің еншісіндегі атаулы күндер. Көктемнің басқа жыл мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар. Мен жыл мезгілдерінің ішінде көктем айларын ұнатамын. Күн жылынысымен біз мектеп ауласын тазалап, бүкілқалалық сенбілік күні әрқайсымыз өз ауламызды тазалаймыз. Ағаштар отырғызамыз, түрлі гүлдер егеміз. «Тазалық – денсаулық кепілі»,- деп қазақ атам тегін айтпаған. Ендеше әрбіріміз өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауламызды көгертуге атсалыссақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз! Сондықтан тазалық пен көгерудің көзі - көктем айын жақсы көремін! Менің көктем туралы ойға түйгенім осындай. Көктем айы бәрімізге денсаулық, береке, бірлік, тыныштық әкелсін!