<span>
Менің атым-Қожа
Бұл кинода кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар.Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Бұл әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен роль ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді.Ол қызға махаббатының тасығаны сонша кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады.Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады.Қожа жазушы болуды армандайды.Біздің Қожамыз мейірімді,жанашыр.</span>
Мен ауылган барганды жаксы коремын ойткены мен атамнын жане адемнын суйыкты немересымын дер ойлаймын Мен атаммен унемы балык аулауга барамын. Куны бойы быздер балыктарды аулап оларды жиберетынбыз ойткены оларда тыры жандар гой! Жане ажем бвзге балык аулауга бара жатканда бызге озы пысырген татты токаштарын пысырым атамнын сомкесыне тыгып салады! Ойткены быздердын карнымыщ ашпау ушын.
Атау с--дос, үй
ілік с--достың, үйдің
барыс с--досқа, үйге
табыс с--досты, үйді
жатыс с--доста, үйде
шығыс с--достан, үйден
көмектес с--доспен, үймен.
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген
махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін
алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана!
Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш
қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана —
әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз.
Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр
алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан
шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай,
бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал
жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын
қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін
салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын
әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге
үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы.
Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа
қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын
төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы
парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң
да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы
борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші,
шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді.
Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір
қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Қорыта
айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың
шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек.
Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын
себетін аналарымыз аман болсын!
Егер мен суретші болсам, ең әдемі және ең жақсы суреттер тек-қана менде болар еді. Бірақ суретші болсам да сабақты беске оқып бітіремін!