1 киіңдер
2кешікпеңдер
3болыңдар
4беріңдер
5шуламаңдар жүгірмеңдер итермеңдер лақтымаңдар
6сақтаңдар
7 зиян келтірмеңдер
Адам үнемі мөлшерден тыс тамақ ішсе семіріп кетеді.
Үнемі аш жүруге болмайды.
Біз тамақтану режимін сақтауымыз керек.
Біз тамақты күнде белгілі бір мезгілде ішуіміз керек.
Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 ж. 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.
1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.
Буын үндестігі - сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не жіңішке болып айтылу заңдылығы. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп те атайды. Қазақ тілінде сөздер бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеді. Кейбір жағдайларда жуан және жіңішке дыбыстар аралас келеді. Бұл мұндай жағдайларда:
Басқа тілден енген сөздер(кітап, қадір, мұғалім т.б.)
Біріккен сөздер(бойжеткен, баспасөз т.б.)
Қос сөздер(қыз келіншек, жоғары-төмен т.б.)
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Қазақ тілінде осы қосымшылардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.
Көмектес септік жалғаулары:-мен, -бен, -пен (доп-пен, дос-пен т.б.)
-нікі, -дікі, -тікі (апам-дікі, қойшы-нікі)
-жаң, -тай, -тал, -дар, -еке, -тар (аға-жан, шеше-тай, білім-дар, ата-еке, сезім-тал т.б.)
-хана, -стан, -кент, -күнем (дәрі-хана, Пәкі-стан, Шым-кент, пайда-күнем т.б.)
-кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -ғой, -гөй,- кеш -уар (қалам-гер, пәле-қор, өнер-паз, кәсіп-қой, кіре-кеш, сөз-уар т.б.)
-ов, -ев, -ин (Cейсенбеков-тің, Aлмабаев-тың). Мұнда қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады.
Қазақ тілінде басқа тілден енген сөз алдынан қосылатын бей- , би- қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды (бей-берекет, бей-шара, бей-тарап т.б.) [1]