Көгершін
"Көк құрақ – көлдің сәулеті, құс пен аң – ердің дәулеті" дегендей, халықтың хайуанаттар ішіндегі ең жақсы көретіні - құстар. Пайдасы болмаса, зияны жоқ осы бір тіршілік иелерін құрметтеген адамзат баласы бағзы замандардан-ақ құстарды жақсылықтың нышанына балаған. Мәселен, дана қазақ аққуды – махаббаттың, қарлығашты – мейірімнің, бүркітті – ержүректіктің нышаны ретінде қараған. Осындай құстардың бірі әрі бірегейі, біздің балалық шағымыздағы танымал әннің қаһарманы – көгершін құсы. Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Көгершіннің «бейбітшілік құсы» деген атаққа қалай ие болғандығы жайлы сөз қозғайтын болсақ, 1949 жылдың 20-25 сәуірі аралығында Париж және Прага қалаларында бір мезгілде бейбітшілік жақтаушыларының Бүкіләлемдік Конгрессі өтеді. Талайларды боздатқан Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталысымен АҚШ пен КСРО сынды әлемдегі екі алпауыт мемлекет атом бомбасын жасап, тіпті бірі Жапонияның екі қаласына тастап та үлгеріп еді. Дәл осындай қатыгездіктер Конгресстің өтуіне себепші болды. Бейбітшілік жақтаушыларына шұғыл түрде таным белгі керек болады да, олар атақты Пабло Пикассодан таным белгі үшін сурет салып беруін сұрайды. Осылайша дүниеге ықшамды және көзге бірден түсетін тұмсығымен зәйтүн бұтағын алып бара жатқан ақ көгершіннің сұлбасы келеді. Бұл суреттің пайда болуы туралы мұнан да қызықты хикая бар. Халық арасындағы аңызға сенсек, күндердің күнінде танымал суретшіге бір өте кедей адам келіп: «Пабло, сен ұлы шеберсің, маған қайырым ете көр... Маған әйтеуір бір сурет салып берсең, мен оны өзгелерге сатып, адам секілді тамақтанған болар едім»,-дейді. Аң-таң болған Пикассо қолына қағаз алып, бірер минуттің ішінде «бейбітсүйгіш» құстың суретін салып береді. Бұл аңыздың ақиқат болуы әбден ықтимал. Өйткені Конгресс оқиғасынан бұрын, Паблоға суретші әкесі кішкентай кезінде (4 жастан бастап сурет салған екен) суреттерінде көгершін табандарын салуды бұйырып отырған көрінеді. Көгершіннің бейбітшілік құсы ретінде бейнеленуін түсіндіру аса қиын емес. Осыдан сан мыңдаған жылдар бұрын әйгілі Венераның көгершіндері Марстың дулығасына жұмыртқалағандықтан, Соғыс Құдайы кезекті қантөгістен бас тартып, халықтың аман қалғандығы туралы антикалық аңызды еске түсіруге де болады. Пикассо қызының есімін Палома (испан тілінде-көгершін деген мағынаны білдіреді) деп қойғандығына қарағанда, аталған құсқа еркеше ілтипатпен әрі ыстық ықыласпен қараған секілді.
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар менөсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғатдеген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
«Су ішкен құдығыңа түкірме»«Бұлақ көрсең, көзін аш»
деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.
Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.
Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия,география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.
Открой фото я всё написал перепиши