Ана шынында да өмір гүлі, күннің нұры екен. Әрбір Ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын Ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. Мен Анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол мектепте мұғалім болып істейді. Оның жұмысы өте қиын да, қызықты. Мектептегі әр баланың мінез-құлқын танып-білуге тырысатын анам маған қатал тәртіп қояды. Біз анам екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Мен қандай сұрақтар қойсам да анам жауап береді. Әсіресе мен кішкентай кезімдегі қылықтарымды еске түсіргенді ұнатамын. Анам мені еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан иіскеп тұрады. Ұйықтар алдында мен одан Абай, Сәкен, Ыбырай аталарымыздың балалық шақтары жайлы сұрай беремін, ол жауап беруден жалықпайды. Мен Анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін! Ал мектепке келгенде бізді екінші анамыз – ұстазымыз Сәния Дүйсенбекқызы қарсы алады. Ол кісі жылы қабағымен қарсы ала отырып, бірден қатаң бақылауға алады. Әртүрлі мерекелерде біз қызықты ойындар ойнап, би билеп, ән саламыз, ертегі кейіпкерлері болып ойнаймыз. Сурет, би, хор үйірмелеріне қатысамыз. Сәния, Дәмелі ұстаздарымыз өте мейірімді жандар, біз ол кісілер мектептен қалмаса, ауырмаса екен деп ойлаймыз. Жазғы демалыста мұғалім бізді мұражайларға, қалаға серуенге, кинотеатрға алып барды. Біздің сыныпта Айнұр, Замира, Фатима деген қыздар бар. Олар әр түрлі мінезді, өнерлі. Наурыз айы - мереке айы. Біз Аналарымызды, апаларымызды, қыздарды мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, қуаныш тілейміз!
Қазақ – жаратылысынан жауынгер халық. Тумысынан сағы сынып көрмеген, жасу мен жасқаншақтықты білмейтін өжет халық. Мұндай қасиетті текті халықтың бойына табиғат сыйлаған. Тамырын тереңнен тартқан тектілік атам түркі дәуірінен басталып жатыр.
Тарихын тасқа жазған халықтың күлтегін, Тоныкөк сияқты ұлдары, атам түркі жұртының бөрілі байрағын бөріктісіне ұстатып, қас дұшпанына иілмей өткені әлемге аян. Осындай өрліктің жалыны он бесінші ғасырда Қыпшақ даласынан бізге жеткен «Ер Тарғын» аңызынан белгілі.
Балтаға бардым тал үшін,
Талды кестім сал үшін...
Еділдің арғы жағында,
Аттанбадым олжа үшін.
Аттанғаным кәуірге,
Атамның ежелгі кегі үшін, - деп Тарғын бабамыз да ерлік пен өрліктің тағылымын осылай жырлап кетті.
Сан ғасырдан бері осы ерліктің легі үзілмей келіп, Ақтамберді, Доспамбет сияқты жыраулар жырының қайнар бастауы болды.
Ақтамберді жыраудың:
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,
Балталасаң да айырылман.
Сыртым – құрым, жүзім – болат,
Тасқа да салсаң майырылман, -деп толғаған рухты жырының тарихи, жасампаз жалғасы – Махамбет.
Еңсегейлі екі елі,
Егіз қоян шекелі,
Жараған теке мүшелі.
Жауырына жазық, мойны ұзын,
Оқ тартарға қолы ұзын.
Дұшпанына келгенде, тартынбай сөйлер асылмын! – деген төкпелі, тегеуірін қатты, тепкісі мықты жолдармен өзінің кім екенін жырдың рухымен-ақ танытып тұрған ақын, бұл – Өтемісұлы Махамбет.
Махамбет – өзіне дейінгі қазақтың өрен мінезді жырының мектебін шебер пайдалана отырып, ұлттық өлеңіміздің өнбойына ерлік жырының ерекше үлгісін жасаған реформатор ақын. Оның «Ереуіл атқа ер салмай», «Қызғыш құс», «Соғыс», «тарланым», «Айныман», «Мен едім...» т.б. өлеңдері – қазақ даласындағы жауынгер рухтағы жырлардың жалғасы.
Мен, мен едім, мен едім,
Мен нарында жүргенде,
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім? – деген жырдың кәусарына бас қойсаңыз, сана төрінде бірде олай, бірде бұлай бұлқынған, жағаласар жауын көргенде хас батырдай жұлқынған ақынның өршіл рухын көз алдымызға елестетеміз.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.
Исатайдан айрылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорыған мен едім,
Мен де айырылдым елімнен;
Көл қорыған сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
Аспандап ұшқан қызғыш құс,
Сені көлден айырған –
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған –
Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып-айтпай не керек?!
Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні!!!
Міне, осынау жырдың төрінде жеке бастың қамы емес, қазақтың сайын сахарасына жатжұрттық билеп-төстеушілердің емін-еркін еніп, кешегі ата-баба осы ен жайлаған даланың озбырлық пен отаршылдық шеңгеліне түсіп, қиналған сәтін, қамыққан тұсын, аушы-ызасы, нала-мұңы, заруы-торығуы қатар жатқанын аңғарамыз.
Махамбет өз жырында ерлікті болашақ ұрпаққа кеңінен көсіле жырлайды.
Туған ұлдай не пайда?
Қолына найза алмаса,
Атаның жолын қумаса! – дейді ұлы ақын. Бұл ойдан шығатын түйін: атаңның жолын қу, жаныңа ерлікті серік ет, еліңе пана бол.
Ал, «Әй, Махамбет жолдасым» өлеңіндегі:
... Үйде отырсам да өлем деп,
Қорлықта жүрген халқыма
Бостандық алып берем деп, - деген жебелі жыр ұшқынынан оның ерлікті, елдікті, бостандықты аңсағанын көреміз. Мұндай өресі биік ой – Махамбетке тән құбылыс.
Махамбет – ел үшін еңіреп өткен алаштың ардақты азаматы. Сан жылдар елінің еркіндігі мен бостандық жолындағы табанды күресімен, ел үшін атқарған игілікті ісімен тарихта атқы қалды. Қараой топырағында Ықылас қолынан абайсызда қаза тапқан ұлы тұлғаның жанкештілігін тебіренбей еске ала алмайсың... міне, ұлы ақын, өжет батырдың туғанына 210 жыл өтсе де,оның еліне сіңірген еңбегін тарих-абыз ұмытпады.
Ол қас дұшпанына қарсы білеткің күшімен, найзаның ұшымен де шайқасты, одан қалса, қанатты қауырсын қаламды қару етті.
Еділ үшін егестік,
Тептер үшін тебістік.
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық,
Теңдікті, малды бермедік, - деп, Махамбет елі мен жері, теңдік үшін шайқасқанын тебірене жырлады. Бұл – ұрпаққа өнегелі, тағылымы мол, ұлы жыр!
Алаш жұртының арғы-бергі аламан жырларының арасынан шоқтығы оқшау көрінер, ұлт өлеңінің қайталанбас үлгілері – Махамбеттің жебелі жырлары. Елдік пен ерлікті жауынгерлік рухта жырлай отырып, дәуір шындығын айнадай ғып көрсетер, айғақтап айтар ұлы жырларға қалай ғана бас имейсің?!
Ұлы жырға бас ию – ұлт тағылымының ұлы қайнарларына бас ию! Ұлы қайнарларға бас ию – ұлт Рухына бас ию!
Махамбет жыры – ұлттық ой мен танымның тамырын тереңдетіп, рухымыздың абырой, беделін аспандатар ұлы құдірет. Елі мен жерінің азаматтығы үшін алысып, қаһарлы сөзімен, қайсар мінезімен туған халқын ардақтап өткен ұлы перзентінің есімін ұлы жұрты да алақанына сап аялауда.
Боз ағаштан биік мен едім,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан.
Ел құтқарар ер едім, -
Жандаспай ақыры бір тынбан, - деп құдіретті үнімен тіл қататын ақынның жебелі жырының Рухы ұрпақ санасынан мәңгілікке өшпейді.
Махамбет – қазақ ұлтының отаршылдық заманында елінің елдігімен бостандығы үшін жанын қиған батыры, қазақтың ұлы тұлғасы. Оның елі үшін атқарған игілікті ісі .
Ұшқыны ұлы Жеңістің»
Мақсаты:
Оқушыларға Ұлы Жеңістің қаншылықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру.
Отанын, елін, жерін қорғауға, оны сүюге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін
ояту.
Көрнекілігі: Слайдтар, бейнефильмдерден үзінді, сахна гүлдермен, ленталармен безендірілген.
Ұлы жеңіске арналған плакат «Ешкім де ұмыт қалмайды,
Еш нәрсе де ұмытылмайды.»
I-жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты қонақтар, соғыс ардагерлері, ұстаздар және оқушылар!
ІI-жүргізуші:
Жыл сайын 9 мамыр күні адамдар ескерткіштер мен обелисклерге асығады.
Олар жауынгерлердің тас мүсініне айналған бейнелеріне гүл шоғын қойып,
батырлар есімін еске алады.
I-жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сынары
Жігер менен құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
ІI-жүргізуші: Мезгілсіз туған ардагер ұлдар айбыны
Желбіре тулар, толықсып тұрса май гүлі
Қуану керек, қуану керек десек те...
Ұмыту қиын, ұмыту қиын қайғыны.
I-жүргізуші: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың, қай күні
Ұлы отаным басын иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
(Бір минут үнсіздік)
ІI-жүргізуші: Көрініс: Соғыстың басталуы
Қатысушылар: Әжесі: Аягүл Баймағанбетова
Қазақ қызы: немересі Айымжан Бекенова
Солдат: қыздың әкесі Сержан Аянгалиев
Келін: қыздың шешесі Эльвира Қуандыкова
Көрініс: Жаздың жайма шуақ күні. Жүрегі қуанышқа толы немересі алыстан әжетайлап мектеп бітіргеніне қуанышты жүгіреді.
Немересі:
Әже,Әже! Бүгін менен бақытты жан жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер
боп бастағым келеді. (Әжесі құшақтап еркелеп күледі)
Әжесі: Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет, балам! (Маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады)
(Әкесі
жымиып, салмақты кейіпте пышағын қайрап отыра береді. Келіне ыдыс алып
келе жатырып, тосынан естілген радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады)
Радиодан:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше, біздің ұлан байтақ жерімізге неміс
фашистері тұтқиылдан басып кірді. Герман елшісі соғыс басталғанын таңғы
7-де ресми түрде мәлімдеді.
Қолынан ыдысы түсіп кеткен келіні жылап бетін жабады
Немересі: Апа, соғыс, соғыс басталды(әжесін құшақтап жылайды)
I-жүргізуші: «Священная война» әні орындалады.
ІI-жүргізуші: «Жди меня» өлеңін оқитын Кажимова Зарина
I-жүргізуші: Жеңіс күні сыр ашып, сырды ақтардым,
Соғыс көптің байлады ғой бақтарын.
Бүгінгі бақыт үшін жанын қиған
Рухына бас ием боздақтардың!
ІI-жүргізуші: Міне, жеңістің 69 жылдығын өткізгелі тұрмыз.
Жеңіс... Ия оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе?
Ақыры
олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды. Бірақ сол Жеңіс
оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында талай миллиондаған асыл азаматтар
мерт болды. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті.
Фашисттердің тұтқын лагерінде қаншамасы өлтірілді. Ал тылда қалған
қарттар мен жас балалар соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп, бірде
аш, бірде тоқ, тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің де сағы сынбады.
Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған ұлт
өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі.
Ән «Ана туралы баллада»
I-жүргізуші: Тыныштық туралы
Биікке самғасын
Тыныштық ұраны
Қиырда шарласын.
Жетім боп ана мен балалар,
Ойран боп отбасы қалмасын.
Жол берме соғысқа, адамзат
Сен ғана тыныштық қорғаны.
II-жүргізуші: Соғыс, соғыс.
Соғыс- тажал, соғыс неткен сұм еді,
Сол соғыстан соқпай қалды қанша адамның жүрегі
Сол соғыстан өз үйіне оралмады қанша жан,
Қанша сұлу жесір қалды жарын күтіп аңсаған...
Көрініс: «Соғыстан қайтқан солдаттар»
I-жүргізуші: Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласын бізге төкті
Бағына талай миллионның
Баянды жеңіс күні жетті
Елге қауіп төнбесін
Есен аман болайық
Енді соғыс келмесін!
II-жүргізуші: Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ атанып,
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
БОЛА МА?
1-желтоқсан-Президент күні. Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Ақорда астана қаласында. Астана Президент мұражайы бар. Мұражай өте әдемі және бай.