<span>Жылқы — кісінейді, шұрқырайды, оқыранады, арқырайды.
Сиыр — мөңірейді, өкіреді, азынайды.
Қой-ешкі — маңырайды, мекіренеді.
Түйе — боздайды.
Шошқа — шыңғырады, қорсылдайды.
Ит — үреді, ырылдайды, арсылдайды, уілдейді, қыңсылайды.
Мысық — бырылдайды, мияулайды.
Тышқан — шиқылдайды.
Қаз — қаңқылдайды, шаңқылдайды.
Үйрек — барқылдайды, қыңқылдайды.
Мекиен — қыт-қыттайды.
Әтеш — шақырады.
Бүркіт — саңқылдайды, бістәктайды.
Торғай — шырылдайды.
Бұлбұл — сайрайды.
Қарға — қарқылдайды.
Безгелдек — безектейді.
Сауысқан — шықылықтайды.
Бөдене — бытпылдайды.
Шыбын — ызыңдайды.
Бөгелек — ызылдайды.
Бәкішек (шегіртке)— тызылдайды.
Жылан — ысылдайды, суылдайды.
Бақа — бақылдайды.
Аю — ақырады, өкіреді.
Қасқыр — ұлиды, ырылдайды.
Түлкі — ырсылдайды, шәңкілдейді.
Күзен — шақылдайды.
Суыр — шулайды.
Борсық — пырсылдайды.
Құндыз — сыңсиды.
Арыстан — гүрілдейді, ақырады.
Жолбарыс — күркілдейді, бұрқанады, т. т.</span>
Тақырыбы : Екі жан достар
Ыңғайлас:1) Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби және грек ойшылы Аристотель әлемді мойындатқан ұстаздар.2)Әл-Фараби – көрнекті ойшыл,әрі ғұлама
Себеп салдар:1)Әл-Фараби – өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ ,cол себепті өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. 2)Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор,cондықтанда Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ.
Үш көзді батыр ,жол көрсетер батыл.,үш көзі үш түрлі.
Музыка – белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі. Өзінің эмоциялық әсері арқылы музыка адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және эстетикалық рөл атқарады. Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Адамның жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде музыка оның сөйлеу тіліне, дәлірек айтқанда, өзін қоршаған ортаға эмоциялық қатынасын білдіретін сөйлеу интонациясына өте жақын келеді. Соған қарамастан, музыка адамның басқа дыбыстық іс-әрекетінен ерекше саналады. Музыкада дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық) қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Музыкалық шығарма мазмұнында адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциялық жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психологиялық хал-жайын ғана емес, оның мінез-құлқын да музыкада ашуға жағдай тудырады. Адам эмоциясын нақтылы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеуде музыканың мүмкіндігі мол. Сондай-ақ музыка идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын суреттейді.