жұмысқа орналасқан
құралмен жабдықтыратын
жадыға сақтады
кеш ұйымдастырған
тынбай жұмыс істеген
музыканы қосатын
гүлді ұстайтын
Астанада Қала күні тойлағанда үлкен концерт ұйымдастырылады. Түрлі билер биленеді, əндер айтылады
Тілге құрмет-елге құрмет
Тіл туралы қанша жыл айтылып келеді. Құрмет деген әркімнің жүрегінен шығуы керек. Адам өзі талаптанбаса біреу зорлағаннан ешнәрсе шықпайды. Біздің мемлекетіміз көп ұлтты мемлекет. Сол ұлттың өкілдері мемлекеттік тіл деп қазақ тіліне құрметпен қарайды. Бұл олардың тек тілге емес елге құрметі.Ал, көп ұлттың татулығы бір халықтың екінші халыққа деген құрметінің нәтижесі. Біз қанша тіл білсек те көп болмайды, өзге тілді үйренуіміз сол халыққа деген құрметіміз. сонымен қатар ана тілімізді аяқ асты етпей құрметтеуіміз керек.
Головкин Геннадий Геннадьевич (8 сәуір 1982 жыл Қарағанды, Қазақстан) — қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта өнер көрсетеді. Орта салмақтағы әлем чемпионы (IBO тұжырымы, 2010 - қ.у; WBA тұжырымы, 2011 - қ.у; уақытша WBC, 2014 - қ.у). The Ring журналына сәйкес P4P салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың ондығына кіреді. 2013 жылдың соңында WBA тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық суперчемпион Геннадий Головкин беделді американдық USA Today басылымының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атанған болатын.
2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
7 дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы: жастар арасындағы әлем чемпионы (Мажарстан, Будапешт, 2000 ж.);
ҚР I спартакиадасының чемпионы (2001 ж.);
Шығыс Азия ойындарының чемпионы (Жапония, Осака, 2001 ж.);
Азия ойындарының чемпионы - (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002 ж.);
Жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002 ж.);
«А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы.
WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 8 рет қорғады)
IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 5 рет қорғады).
89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокс тарихында орташа салмақ бойынша ноукат үлесімен бірінші орында тұр.
2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты.