ДИНА НҰРПЕЙІСОВА (1861-1955)<span>1861 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында туып-өскен. Халықтың күйші-композиторы, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері. Әкесі белгілі домбырашы адам екен, қызы Динаға 8 жасынан бастап-ақ сол өнердің қыр-сырын үйрете бастаған. Оның ұлы күйші Құрманғазымен алғаш кездесуі де осы кез. 8-9 жасар Дина ұстазының күйлерін үйреніп қана қоймай, оның күйшілік-орындаушылық өнердегі ерекшеліктерін, дәстүрін жалғастырады. Динаның тырнақалды «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі. 1916 жылғы оқиғаға шығарған «1916 жыл» күйінде Құрманғазының Исатай мен Махамбетке арнаған «Кішкентай» күйінің әсері байқалады.
Дина Нұрпейісованың композиторлық творчествосының кемелденіп, күйшілік-орындаушылық өнерінің шабыттанған шағы – кеңестік дәуір. 1937 жылы ол халық өнерпаздарының Республикалық байқауына қатысып, жүлделі орын алса, екі жылдан соң Мәскеуде өткен халық музыка аспаптарында орындаушылардың байқауында І-орынды иемденіп, «Домбыраның Жамбылы» атанды. Дина күйлері өзінің ұлттық музыкалық бояуымен, терең психологиялық мазмұнымен ерекшеленеді. Бұлардың қатарына атақты «Әсем қоңыр», «Тойбастар», «Ана аманаты», «Сегізінші март» т.б. жатады.
Нұрпейісова қазақ халқының музыка мәдениетіндегі өткендегі және қазіргі бай материалдарын творчестволықпен игерді, осы арқылы өзінің табиғаты бөлек күйлерін, оны орындаудың өзіндік тәсілдерін жарқырата көрсетті. Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында да атақты домбырашының композиторлық қызметі бір сәтке тоқтаған жоқ. «Ана аманаты» күйін өмірге әкеледі, ал соғыстың біткендігі жөніндегі хабарды «Жеңіс» күйімен қуана қарсы алады. Нұрпейісованың көмегімен Мемлекеттік Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі көптеген ғажайып күйлерді меңгерді. Ол оркестрдің орындаушылық мәдениетін домбырада ойнаудың алуан түрлі ерекше әдіс-тәсілдерімен байытты. Сол арқылы оркестрде Құрманғазының және басқа да көптеген қазақ аспаптық музыка өкілдерінің күйлері орындалып, қуатты симфониялық ансамбльдің үніне айналды.</span>
.1.Қыз бала кесте тікті.
2.Оның досы Гауһар кестені апасына сыйлауға кеңес берді.
3.Кестенің бір жері сәл бүріліңкіреп қалыпты ,сондықтан Гауһар көмектесті.
4.Кестеге ,,Апа туған күніңмен ,, деген жазуды тікті.
5.Анасы ,,Менің күнім шебер болады,, деп мақтанды.
Домбыра -қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.
1 .газдалган сусын. 2.жок.3.жок.4.дурыс.5.жок.6.иа.7.жок
Келген коктем
Таза кун
Отыргызган кар
Гулды агаш
Ашкан кызгалдак
Тазалатын кус
Келген адамдар
Узаратын агаш
Еритын булак
Жаратын арыктар
Кыска кун
Жылы тун