Ответ:
Ас- адамның арқауы.
Ия, бұл бекер айтылмаған болса керек. Себебі мөлшерден тыс тоқтық та, аштық та және басқада ауытқушылықтың бәрі денсаулыққа қолайсыз.
1. Шақтап жесең - рахат көресің,
Көп құнықсаң- кіріптар боп өлерсің.
2. Тамақты тарта жесең санаңды ашар,
көп жесең- ұйқы басар.
3. Ғұмырыңды ұзартқың келсе, тарта іш .
Ұлы адамдар әрқашан тамақты тарта ішетін болған. Міне, осы ойлы сөздерден менің ұққаным, асты мол екен деп мөлшерден тыс қолдана беруге, немесе өзіңді қинап аш жүруге болмайды екен. Аштық адамның денсаулығына, көңіл-күйіне де қатты әсер етеді. Содан болар мына мақалдың пайда болуы: Аш адам ұрысқақ, арық қой тырысқақ деген.
Тамақтың ең асылы нан. Дүниедегі байлықтың түрі көп. Оның ішіндегі ең негізгісі де осы нан байлығы.
Объяснение:
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек. Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.
<span>Дереккөзі: </span>https://www.zharar.com/kz/shygarma/3428-til.html#read
<span>© www.ZHARAR.com</span>
Қандай сөздер көмектесіп көрейін☺
Үйде таза бәтеңке тұрады.Сонда лас бәтеңке кіріп келеді.
-Ее, мынау кім?Өзі сондай лас екен!
-Мен бәтеңкемін.Иә,мен сондай ласпын.Себебі мен жұмыс жасап келе жатырмын.Сен сияқты жарқырап бір орында тұрған жоқпын.
-Сен маған айтып тұрсыңба?Мені тойларда, мерекелерде, керемет жерлерге үстіндегі әдемі киімдерімен киіп барады.Ал сені жұмыс жасағанда лас қылып киеді.
-Сені анда-санда киеді, ал мені күнде киеді.Өйткені күнде жұмыс жасайды.
Осылай екеуі ұрсысып жатқанда бәтеңкелердің иесі кіріп келеді.Сосын таза бәтеңкені бір қуысқа тастайды да лас бәтеңкені киіп кетеді.
Көп күн өткеннен кейін лас бәтеңке мен таза бәтеңке бір-бірін көреді.
-Сәлем, лас бәтеңке, өзің жыртылып тозып қалыпсың ғой.
-Иә, сен де қуыста бірнеше күн жатып ескіріп кетіпсің
-Дұрыс айтасың!Сенен кешірім сұраймын.
-Мен де!
Осылай екі бәтеңке достасыпты.
-сәлем, Асия
-Сәлем, Аяру
-Менде бір жақсы жаңалығым бар
-Қандай ?
-Мен шахматтан сайысқа қатысамын!
-Ооо, сәттілік тілеймін!
-Рахмет, жарайды сау бол мен сайысқа дайындалайын!
-Сау бол Асия!