Тамыры тереңде жатқан сәулет өнерінің орта ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерінде де пайда болуы мәдениетіміздің озық үлгісі болып танылды. Орта ғасырда сәулет өнері дамыды. Төрт қабырғалы, өзіне тән ою- өрнектерімен безендірілді. Мысалы, Бабажа хатун кесенесі («Айша Бибі» кесенесі Тараз қаласы маңында). Көшпенді халық өзіндік сәулет ағымын өмірге әкелген. 9 – 14 ғ. Ғажайып қала құрылысын жаппай өркендетті. Кезінде шартарапқа әйгілі болған Сауран, Отырар, Тараз, Баласағұн қалалары Жібек жолының бойында бой көтеріп, талай ел саяхатшыларының таңдайын қақтырған. Ірі мәдени орталықтары болған қазақ жері сәулет өнерімен де әлемге белгілі болып отыр. 1994 жылы 6 шілде- астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруге шешім қабылданды 1997 жылы 10 желтоқсан- Ақмола Қазақстанның астанасы.1998 жыл 6 мамыр-Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусым- ресми түрде жаңа астананың тұсаукесер тойы.Олай болса бүгін біз Қазақстанның бас қаласы Астананың көрікті жерлерін сырттай тамашалауға саяхатқа шығамыз.
2002 жылы Еуразияның кіндігі-Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған “Астана-Бәйтерек” монументі салынды.Бұл монумент қазақ елі тамырын мәуелі бәйтеректей тереңге жіберген ел екенінің дәлелі іспеттес.монументтің биіктігі 105 метр. Мұнда көркем галерея,үлкен аквариум, мейрамхана және 97 метр биіктікте қаланы жоғарыдан тамашалауға болатын обсерватория –алаң бар.
Ақ Орда соңғы дамыған құрылыс әдісімен салынған жаңа резиденция. Президенттің жаңа резиденциясы-Есілдің сол жағалауындағы басты офистік ғимарат-367 шаршы метрді құрап, қазақстандық мәрмәр және гранитті пайдаланып салынған. Ғимараттың ең биік шыңы , шарықтаған қыранның бейнесін көрсеткендей 80 метрді құрайды.
Президент Ақ Ордасында екі елдің ел басшыларының кездесу залы немесе мәжіліс залы орналасқан. Ел басшыларының кездесу залы Алтын зал деп аталады. Ғимараттың құрылысы 2001 жылдың қыркүйек айынан басталды. Арнайы ашылу салтанаты 24.12.2004 жылы болды. Бұл ерекше ақтастан соғылған сарай бейбітшілік пен мемлекеттің қуатты бейнесінің символын береді.
“Хан Шатыры” сауда ойын-сауық орталығы 2010жылы шілденің 5-ші жұлдызында ашылды.Президент сарайынан бастау алған Бас қаланың ғажайып ғимараты Астана қаласының жаңа орталығының кіндігінде орналасқан.“Хан Шатыры”бірегей кешені жобасының авторы-танымал,ағылшын сәулетшісі Норман Фостер. Жобаның ерекшелігі оның ішкі климаты ғимараттағы қазіргі заманғы автоматикалық құралдар арқылы қадағаланатынында болып отыр.
«Нұр-Астана» орталық мешіті
2005жылы 22 наурыздан бастап Астананың сол жағалауының ғажайып келбетіне,жаңа бір көз тартатын ғимаратына айналды. Ұзындығы 63 метр 4 мұнарадан құрылған. 5 мың адамға арнап салынған. Алтынмен апталған Нұр Астана мешіті ислам дінін уағыздаумен қатар барша Астаналықтарды татулыққа, ізгілікке шақырумен келеді”.
Ең басты жетістік – алғаш рет цирк ұжымы құрылды. Мұнда акробаттар, эквилибристтер, үйретушілер, аттағы жігіттер, өнер көрсететін гимнасттар, сайқымазақтар адамның көңіл күйін көтерсе,
адамдармен бірге Африка арыстандары Шотланд понилері, түйелер, аюлар, есектер, маймылдар, иттер, түрлі жануарлар да өнер көрсетеді.