Ответ:
Астана арман қала.
Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы. Бұрынғы аты - Ақмола, Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.
Жаңа қала Астана қарқынды дамып келеді. Небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті. Елордада халықаралық, мемлекеттік ұйымдардың бас филиалдары орналасқан. 2011 жылы Астанада 7 - ші Азия ойындары өткізілген болатын, ал 2017 жылы Халықаралық EXPO 2017 көрмесі өткізілді.
Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.
Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кеменгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.
Туракты соз тыркестерын зерттейтын гылым фразеология деп аталады
Мысылы:тобе шашы туру(корку),тайга танба баскандай (анык)
Аялдау-тосу-тоқтау-күту мәндес сөздер
Сәлемдесу дегеніміз - достық пейіл мен құрмет білдіру әрекеті. Әрбір күн немесе әрбір әңгіме қашанда сәлемдесуден басталады. Біздің күнделікті өмірімізде мейлінше кең тараған осы бір ғұрып әдептілік сезімінің мол болуын талап етеді.Сонымен, қалай амандасу керек? Ең алдымен амандасатын адамның көзіне қараңыз. Адамдарға қыр көрсете немесе менмендікпен қарамай, достық пейілмен, жылы шыраймен қарауды әдетке айналдырыңыз.«Сәлеметсіз бе?», «сәлем бердік» немесе тәуліктің мезгіліне сәйкес, «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздер айтып амандасқан дұрыс. Сәлемдескенде сөзді анық, айқын және ешқашан дауыс көтермей, сабырсызданбай айту керек.Әдептілік қағидасы бойынша, қарсы келе жатқан адамға 3-4 қадам қалғанда амандасады. Кімнің бірінші болып амандасуы керек? Әдетте, кіші адам жасы үлкенмен, еркек әйелмен, бағынышты адам бастығымен және жас бала ересекпен бірінші болып сәлемдеседі. Бойжеткен егде тартқан ер кісімен өзінің амандасқанын күтпестен, бірінші болып сәлемдессе, өте жақсы әсер қалдырады.Кірген адам отырғандарға бірінші болып амандасады, ал кетіп бара жатқанда, қалушылармен бірінші болып қоштасады. Бұл әйел затына да қатысты. Үйге кірген әйел өзінің жұбайымен ең соңында амандасуы тиіс.