1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар шықты.
Сабақтан
келісімен ,Оспан сөмкесін лақтырып
тастады да, үстел үстінде тұрған тамақты
апыл-ғұпыл ішіп, ойнауға кетті. Ол кешке
дейін доп қуды. Үйдегі інісі Мұрат
сөмкесін мысықтың мойнына байлап, біраз
сүйретті. Содан соң ішін ақтарды.
Қарындаштарын өзінің қобдишасына салды.
Кітаптарынан үй жасады. Ішіндегң
суреттерін қарады. Қып-қызыл алмалар
оған ұнап кетті. Оны жыртып алып,
түкіріп-түкіріп төсегінің тұсына
жапсырып қойды. Сөйтіп жүріп былғап
алды, дәптердің бі-екі парағын жұлып
алып, сүртемін дегенде, үсті -басын,
бет-аузын да былғады.Осы
сәтте ойына Оспан түсті де, дереу кітап,
қағаздарды сөмкеге салды.Оспан
сабаққа дайындалған жоқ, сөмкесін
ертеңгі сабақ үстінде бір-ақ ашты. Кітап
былғанған, дәптер жыртылған, қарындаш
жоқ. Мұны көргенде ол бақырып жылап
жібереді. Үй тапсырмасын орындамағаны
сол кезде есіне түсті.
ВРОДЕ ПУСТЬ АЛАН ОСТАВИТ ОТЗЫВ
<span>Абай шығармашылығы – адамзат даналығының таусылмас қазынасы. Бұл қазынаны ақтарған сайын тың жаңалықтар көзін тауып, сөз өнері бағзы заманнан іркіліссіз жалғасқан қазақ елін әлемдік мәдениетке жеткізу жолындағы рухани бастаушыны танитынымыз анық. Оның даналығы мен парасаттылығы, озық идеялары – халқымызды дамыған елдер кеңістігіне апарар лайықты жолға жөн сілтейді.</span><span>Абай мен М.Әуезов мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Бұл күндері қос ғұлама есімі ұлттық сана-сезімде мәңгі аталатын ұлы тұлғаларға айналды. Дана Абайдың қазақ халқының рухани ұстазы ретінде танылып, әлемдік көркем ойдың алтын қазынасына айналуы – оның өз мұрасы ғана емес, сонымен бірге М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы арқылы жүзеге асты. Бұл ретте ең бірінші тілге тиек етеріміз – Мұхтар әлемінің Абай әлемімен рухани сабақтастық мәселесі. Бүгін біздің назарымызды көбірек аударуға тиіс нәрсе Мұхтар Әуезовтің ұлы Абаймен рухани жақындық-жалғастығы. Осы жайында академик З.Ахметов: «Мұның өзі дүниежүзі әдебиетіндегі айрықша құбылыс. ...Абайды әлемге әйгілеу үшін Әуезов қандай қажет болса, Мұхтар Әуезовтің дүниежүзі мәдениетінің биігіне көтерілуіне Абай мұрасы, Абайдың өнерпаздық, ойшылдық дәстүріндей үлкен тірек сондай қажет еді» [1, 32-б.] деп, Абай мен Мұхтардың рухани сабақтастығының дүниежүзі әдебиетіндегі маңызын айрықша атап көрсетсе, «М.Әуезовтің өміртанымын, көзқарасын сөз еткенде ұлы Абайдың рухани дәстүрінсіз талдау мүмкін емес. Онсыз Мұхтар тұлғасы толық ашылмайды», деп ескертеді ғалым Т.Жұртбай [2, 11-б.].</span>