1.мен қонақ шақырдым біз қонақ шақырдық. мен қонақ қарсы алдым біз қонақ қарсы алдық. мен есікті аштым. біз есікті аштық .мен қонақтарды үйге кіргіздім. біз қонақтарды үйге кіргіздік. мен қонаққа бардым. біз қонаққа бардық. мен қонақтарды шығарып салдым. біз қонақтарды шығарып салдық.
2.сен қонақ шақырдың .сендер қонақ шақырдыңдар .сіз қонақ шақырдыңыз .сіздер қонақ шақырдыңыздар. сен қонақ қарсы алдың. сендер қонақ қарсы алдындар .сіз қонақ қарсы алдыңыз. сіздер қонақ қарсы алдыңыздар.сен есікті аштың.сендер есікті аштыңдар.сіз есікті аштыңыз.сіздер есікті аштыңыздар.сен үйге кіргіздің.сендер үйге кіргіздіңдер сіз үйге кіргіздіңіз сіздер үйге кіргіздініздер сен қонаққа бардың сендер қонаққа бардыңдар сіз қонаққа бардыңыз сіздер қонаққа бардыңыздар сен шығарып салдың сендер шығарып салдыңдар сіз шығарып салдыңыз сіздер шығарып салдыңыздар
3.ол қонақ шақырды олар қонақ шақырды ол қарсы алды олар қарсы алды ол есікті ашты олар есікті ашты ол үйге кіргізді олар үйге кіргізді ол қонаққа барды олар қонаққа барды ол шығарып салды олар шығарып салды
Бұрынғы өткен заманда Бағдат шаһарында Ғылман деген бір ақылды адам болған екен. Бағдатта оның әр түрлі дәрігерлік өнерімен атағы шығады. Мұны естіген Бағдат патшасы Ғылманды өзіне шақырып алдырыпты. Патша күн сайын онымен бірге кеңесіп отырады екен. Ғылманның өнерлеріне таң қалып жүреді екен. Бір күні патша үлкен уәзірін шақырып алып:
- Бұл Ғылман өте ақылды және өнері де көп адам екен. Осыны уәзір етсек қайтеді? - дейді. Уәзір патшадан бұл сөзді есіткен соң: «Ғылман уәзір болса, бізді орнымыздан түсірер», - деген ойға келеді де:
- Ей, патшам! Бұл Ғылманнан мен қорқамын, өйткені басқа адамдар істей алмаған нәрселерді бұл істей алады. Сондықтан бір күні сізді де, бізді де өлтіріп, өзі патша болып алар деп қорқамын, - дейді. Патша кенет ойға қалады да қапа болып:
- Мұндай ақылды адам патшаларға зиянды болады екен ғой! Енді бұл Ғылманды не қыламыз, тез көзін жойып өлтіреміз бе? - дейді. Уәзір қуанып:
- Ей, патшам! Әуелі одан үш түрлі ғылым сұрап алып, сол ғылымды біліп алайық, сонан соң өлтіреміз, - дейді.
- Олай болса, Ғылманды не қылсаң да өзің біл, сенің қолыңа бердім, - дейді патша. Сол күннен бастап, Ғылманды патшаның алдына келгізбейтін болды. Ғылман уәзірден:
- Патша неге мені кіргізбейтін болды? - деп сұрағанда уәзір оған:
- Патшаның уақыты болмай жүр, - дейді. Ғылман ақылға салып, ойлайды да патшаның жаратпағандығын біледі. Уәзір:
- Ей, Ғылман! Патшамыздың сізден сұрайтын бір сауалдары бар, сол сауалдарға жауап беріңіз, - дейді.
- Мен әрқашан да қызметтеріңізге даярмын, - деп жауап береді Ғылман. Уәзір:
- Бірінші сауалы: қол астындағы дұшпанды ұстауға, өлтіруге жетік болу үшін қандай ғылымды оқу керек. Екінші сауалы: патша қол астындағы халқын қайтсе байыта алады. Осы екі түрлі істің амалын бізге жазып беріңіз, - дейді. Ғылман:
Мұндай ғылымдарды жазып беруге екі жыл уақыт беріңіздер, - дейді.
- Екі жыл тұрсын, екі ай бермейміз, екі жұмада жазып бітіресіз, - дейді уәзір. Ғылман екі жұмадан кейін өзін өлтіретінін біледі де:
- Менің бұл істер туралы бар ақылымды сарп қылып, неше жыл жазған кітабым бар, енді мен соны бір жұма қарап, қатесін түзетіп берейін, - дейді. Уәзір қуанып, шығып кетіпті. Бір жұмадан соң, Ғылман уәзірге келіп:
- Кітапты түзетіп болдым, бірақ патшаға өзім тапсырсам екен, - дейді. Уәзір Ғылманды патшаның алдына алып барған соң, Ғылман кітапты патшаға береді. Патша уәзірге:
- Ғылманды сыйлаңыз, қазір бір кесе шарап құйып беріңіз, - дейді. Уәзір у салынған шараптан бір кесе құйып береді. Ғылман шарапта у барын сезеді де уәзір мен ханға сездірмей, қалтасынан бір кішкене түйіршік тұз секілді нәрсені кесеге салып жіберіп, біраздан кейін шарапты ішіп салады; аздан соң ол у ішкен адам секілденіп, қиналып тұрады да кесенің түбіне ұйыған уға саусағын малып уәзірге:
- Ай, уәзір, шырағым! Кітапты бердім, көп пайдалы кітап, әсіресе сіздерге керегі мына беттері, не істейтінін мынау арада жаздым, - деп, саусағындағы уды кітаптың беттеріне жағып жібереді де патшадан рұқсат сұрап, шығып кетеді. Уәзір мен патша Ғылман шыққан соң кітапты алып, жазуды қараса: «Кімде-кім осы кітаптың қағазын он ретке дейін жаласа, ол кісінің қуаты тіпті кемімейді», - депті. Патша мен уәзір бұған қуанып, кітаптың жазуындағы айтқан бетке шейін қағазды жалайды, сөйтіп, өз уынан өздері өледі. Сол кітапта: «Патша қол астындағы халық тыныш болсын десе, әркімді ақ көңіл, әдепті қылып үйретсін!». «Патша қол астындағы халық бай болсын десе, әркімді еңбекке тәрбиелейтін болсын!» «Патша қол астында зұлымдықты тыямын десе, әуелі өзі зұлымдықтан тыйылсын!» - деген екен
10 тапсырма жердің құнарлылығы - плодородие почвы, топырақ құрамы - состав почвы, топырақ сапасы - качество почвы.
12 тапсырма
тартылды, апатты аймақ, құрғап қалды, желмен тарайды, қышқыл