Хайуанат дегенимиз ол жануарлар.мен хайуанаттар багында болдым.жануарларды кордим.жануарлар оте адеми.ишинде жолбарыс арыстан аю зебра жираф тагы баска жануарлар бар.мен хайуанаттарды хайуаннатты жаксы корем
1) Алғашқы компьютер X|X ғасырда пайда болды, бірақ бірінші электронды есептеуіш мәшине 1946 жылы жасалды.
2) Алғашқы компьютерлерде мәлімет қоры жасалды әрі есептеу үшін қолданылды.
3) Оның салмағы бірнеше тонна болды, ол бірнеше бөлмені алып тұратын.
4) Компьютерлердің пайдасы өте көп, дегенмен көзге зиян.
5) Компьютермен жұмыс істеу оңай, бірақ балалар компьютерлық ойынға көп уақыт жұмсайды.
Бұлбұл туралы мәлімет
Бұлбұлдар — торғайтәрізділер отрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құстар. Қазақстанда екі түрі – кәдімгі, немесе шығыс, бұлбұлы және оңтүстік, не зортұмсықты, бұлбұл кездеседі. Оңтүстік бұлбұлы Сырдария, Шу, Іле, Қаратал өзендерінің бойындағы тоғайларды, үлкен бау-бақшаларды, қалың бұталы өсімдіктерге бай саябақтарды мекендейді. Кәдімгі бұлбұл Жайық пен Ертіс өзендерінің бойында, Көкшетау өңіріндегі қыраттарда ұялайды. Дене тұрқы 160 – 190 мм, қанатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17 – 26 г. Арқасы қара-сұр, қоңыр-сұр, бауыры ақшыл болады. Бұлбұл – жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштардың төменгі бұтақтарына салады. Мамыр – маусымда ұяларына үш не бес қоңыр түсті жұмыртқа салып, оны мекиені он үш – он төрт күндей басып, балапандарын өрбітеді, жұптасып қоректендіреді. Бұлбұл жәндіктермен, өрмекшілермен, тұт ағашының жидегімен және өсімдік тұқымдарымен қоректенеді. Тамыздың аяғы, қыркүйектің басында Африканың тропиктік аудандарына қыстауға ұшып кетеді. Бұлбұл әр түрлі жәндіктермен қоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді. Әнші құстар ретінде эстетикалық маңызы да бар.
Мен баламын Біз баламыз
сен баласын Сендер балсындар
Сіз баласыз Сіздер баласыздар
Ол бала Олар бала
Табиғат аясында
Біз отбасымызда «табиғат пен адам егіз ұғымдар» деген қағиданы ұстанып, үнемі демалыс сайын табиғат аясына демалып, серуендеуге шығып тұрамыз.
Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді. Әсіресе, менің ойымша көктемгі табиғат ерекше құбылыс. Себебі көктем келісімен, табиғат ана қысқы ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түседі. Жылы жақтан құстар қайтып, "көктем келді" деп бір - бірімен жарыса, жар салатын тәрізді. Жердің бетіндегі қар еріп, алғашқы бәйшешектер шыға бастайды. Сәлден соң ағаштар бүршік жарып, олар кейіннен жапыраққа айналады. Осылайша табиғатқа жан бітіп, жанданғандай күй кешеді.
Осылайша, күн жылынып, қар еріген соң табиғат аясына таза ауамен демалып, біраз тынығу үшін біз әрбір демалыс сайын қала сыртына шығамыз. Ешқандай абыр – сабыр жоқ, тек қана табиғат және біз. Осындай сәттер бойыңа ерекше нәр беріп, күш сыйлайтын тәрізді болады.
Ал табиғат аясындағы жазғы серуендеу ол мүлдем бөлек әңгіме, өзіңізді орман ішінде серуендеп жүргендей елестетіп көріңізші, жан –жағыңызда сайраған құстар пен жыбырлаған жәндіктер, таза ауа, ағаш астындағы көлеңкеде кітап оқудың өзі бір ғанибет емес пе?!