Үй жануарлары, доместикация — жануарлардың қолға үйретілген түрлері.
Сондықтан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Мүйізді ірі қара, түйе, жылқы, есек, қой-ешкі, ит, шошқа, мысық, үй қояны, теңіз тышқаны; құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық, кептер; тоғандарда өсірілетін балықтар үй жануарларына жатады. Өркениет дамуының барысында адам жәндіктердің 2 түрін (бал арасы мен жібек көбелегі), құстардың 10 — 12 және сүтқоректілердің 60-қа жуық түрлерін қолға үйреткен. Зертханалық жануарлар — егеуқұйрықтар мен тышқандар, сайрағыш және әсем құстар, тоты, шымшық, т.б., аквариум балықтары да өсіріледі. Үй жануарларын қолға үйрету алғашқы адамдар мекендерін қазып зерттеу нәтижесінде, бұдан 15 — 10 мың жыл бұрын басталған. Аңшылық тәсілі жетілген сайын жабайы, тағы жануарлар саны азайып, адам баласының күнделікті тұрмыс қажетін қанағаттандыру үшін үй жануарлары қолға үйретіле бастады.
Kroliki001.jpg Қазіргі кезде:
170 млн-ға жуық қой — Австралияда; 197 млн-нан астам ірі қара мал — Үндістанда; 7 млн-дай түйелер — Сомалиде өсіріледі деп саналады. Үй жануарлары тек материалдық байлық көзі ғана емес, сонымен бірге, рухани қазына болып есептелінеді. Жаңа ортаның әсері және қолдан іріктеу, жұп таңдау нәтижесінде бұларда адамға пайдалы жабайы жануардан өзгеше қасиеттер пайда болды. Осы кездегі мал тұқымдары өзінің жабайы ата тегінен едәуір ірі, етті, аяқтары қысқа, тұрқында да өзгерістер байқалады. Мысалы, ең ірі ит тұқымы — сенбернар, оның салмағы 77 кг-дай болса, ең кішкентай ит — чихуахуа, оның салмағы 450 г-нан аспайды. Ең кішкентай сингапур мысығының салмағы — 1 кг 81 г болса, ал ең ірі мысық — рэгдолл, ол 9 кг-дай салмақ тартады. Тегіне қарағанда үй жануарларының сүйегі жеңіл, омыртқа саны аз, бас сүйегі кіші, сондай-ақ мүйізі, ішкі органдары да өзгеріске ұшырады. Бұлардың өкпесі, жүрегі, бүйрегі жабайы ата тегіне қарағанда кемірек дамыған, жыныс ерекшеліктерінде де көптеген өзгерістер байқалады. Ата тегімен салыстырғанда үй жануарларының жүйке жүйесінде де өзгерістер пайда болды. Мысалы, қолдағы мал миының көлемі кішірейіп, салмағы азайған, көру, есту, иіс сезу органдарының қызметі төмендеген. Оның есесіне үй жануарларынан алынатын ет, сүт, жұмыртқа, жүн, т.б. мөлшері көбейді. Атап айтқанда, ең жақсы жүн меринос қойларынан алынады.
Медеу – әлемге танымал биік тауда орналасқан бірегей спорт кешені. Осы бір тамаша әсем сарай, теңіз деңгейінен 1691 метр биіктіктегі шатқалдың сұлу көрінісіне әдемі үйлесіп тұр. Шатқалдағы жұмсақ климат, күн сәулеленуінің қалыпты деңгейі, төменгі атмосфералық қысым, сырғанаққа мұз жасайтын тап-таза тау суы оған өте жақсы қасиеттер беріп, жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге тамаша жағдай жасайды. Осы жерде 120 – дан астам әлемдік рекордтар жасалды.
Соңғы жылдары спорт кешенінің қызмет аясы кеңейтиілді. Мұнда футболдан, волейболдан, баскетболдан, шорт-тректен жарыстар өтіп тұрады. Медеу спорт кешенінде жүзгіштер, жеңіл атлеттер, балуандар және боксерлер жиындарын өткізеді. Мұз айдынының жанынды жүзу алабы бар, ресторандар мен кафелер жұмыс істейді.
Қазақстан туралы айтқанда, кез келген адамның ойына биік таудағы Медеу мұз айдыны алдымен еске түседі. Бұл кездей-соқтық емес, өйткені бүгінде Медеу спорт кешенінің аты бүкіл әлемге жайылған.
Мүсінші мүсін жасайтын адам.мүсінші адамдардың жануарлардың басқа пішіні бар заттарды бейнелейді.мүсін жасау үшін түрлі материалдар керек. саябақтарда танымал адамдардың мүсіндері де тұрады
Мүсіншіге, əрине, шыдамдылық керек. Оны жасау үшін бірнеше этаптан өтесің. Бір этаптың өзі бірнеше апта, күннен тұрады. Одан кейін еркіндік керек. Фантазия, идеясы мықты болу керек. Өйткені, мүсінші өз дүниесі арқылы бүкіл қазақты, халықты тəрбиелейді. Мүсінді неше түрлі материалдан жасаймын. Бір материал қатты, бір материал жұмсақ