Существительное и сказуемое - <span>зат және етістік (перевод)</span>
Мен бүгін қурағай жинауға бардым.
Атанның баласы болма,
Адамның баласы бол.
Бір тал кессең,
Он тал ек.
1934 – 50 жылы биязы жүнді жаңакавказдық типтегі рамбулье және прекос саулықтарын жабайы арқармен қолдан ұрықтандыру нәтижесінде алынды. Дүниежүзілік қой шаруашылығында алғаш рет түраралық будандастыру тәсілімен алынған бұл қой тұқымы биік тау жайылымдарын кеңінен игеріп, өзіндік құны төмен бағалы ет, сапалы жүн өндіруге мол мүмкіндік берді. Кейінірек жүн сапасын одан әрі жақсарту мақсатында асыл тұқымды малдардың бір бөлігіне кіріспе будандастыру жолымен австралия мериностарының қаны құйылды. Осы тұқымды шығарғаны үшін бір топ ғалымдарға (Н.С. Бутарин, Ә.Есенжолов, А.Ы. Жандеркин, Е.В. Большакова, т.б.) КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді (1950).
Қошқарлар мен саулықтардың тірідей салмақтары 90 – 110 кг және 55 – 65 кг, таза жүн түсімі 5,0 – 6,0 кг және 2,5 – 3,0 кг-ға жетеді. Жүнінің жіңішкелігі қошқарларында 60 – 64, саулықтарында – 64 – 70 сапалы, ұзындығы 8,0 – 10 см. 100 саулықтан 120 – 130 қозы алынады.
Бұл тұқым Алматы облысы Райымбек ауданындағы асыл тұқымды “Ұзынбұлақ” ш-нда өсіріледі. Бұл шаруашылықта осы қой тұқымын өсіріп бағуда Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған шопандар: Б.Жақсылықов (1958), Ы.Абдығұлов (1960), Ж.Молдасанов (1973).
Республикада тұқымның 300 – 400 мың басы бар (2002). Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын 1991 жылға дейін Қазақстан Республика Білім және ғылым министрлігінің Эксперименттік биология ғылыми-зертханалық институты, ал қазір Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты жүргізеді.<span>[1]</span>
Анашым! Сізге деген сағынышым күннен-күнге ұлғая түсуде... Сіздің маған берген тәрбиеңіз бен үлгі-өнегеңіздің арқасында мен жақсы азаматша болып өсіп келемін. Сіздермен өткізген әрбір минут, әрбір секунд мен үшін аса қымбат. Сол сәттерді қазір ерекше сағынатын болыппын. Асыл анам... мен Алматыға алға қойған асқақ армандарыма жету үшін келдім. Сіздің үмітіңізді ақтап, өзімнің таңдаған мамандығым бойынша көп жетістіктерге жетемін деп өз-өзіме серт еттім. Сіз маған әрдайым тіреу болдыңыз. Қиындықтарға төтеп беруге, жақсылыққа ұмтылуға, жамандықтан аулақ болуға үйреттіңіз. Жеңіске жетсем сол жеңіске қандай қиындықпен жеткенімді , қандай қиын сәттерді бастан өткергенімді еске салып отырдыңыз. Осы үшін мен сізге қанша алғыс айтсамда артық болмас сірә. Анашым... Мен әрдайым өзіңізге қарап бой түзейтінмін. Сізге қызыға да таңырқай қарайтынмын. Сіздің шыдамдылығыңызға, ержүректігіңізге таңғалмау мүмкін емес секілді. Ардақты анам... Сіз маған өмірде барға қанағат етуді үйреттіңіз. Өзіңіздің қандай қиындықтарды көргеніңізді айтып отырдыңыз, сол арқылы мен осы күніме шүкіршілік етуді үйрендім. Сіз менің қателіктерімді кешіре білдіңіз, еркелігімді көтере білдіңіз. Аяулы анам, менің сізден аларым әлі көп. Мен өмір теңізіндегі осы бір жолға аттанарда маған айтқан әрбір сөзіңіз, үмітпен қараған көздеріңіз мені алға жетелеп келе жатқандай. Мен сізбен бір күн сөйлеспей қалсам, сәби жүрегім сізді сағынып тұрады. Аяулы анам... Мен үшін әлемдегі ең ұлы тұлға сізсіз. Жаратқанымның қолдауымен сіздің балаларыңызға деген махаббатқа толы жүрегіңіз, мөлдіреген көзіңіз жыламаса екен деп тілеймін... Анашым... Мен ешқашан жаман жолға түспеймін, себебі мен сіздей алтын ананың бөбегімін.