Жауабы осындай, тапсырма боинша
Интернеттің мүмкіндігі шексіз. Талғамыңыз бен көңіл күйіңізге қарай одан көп нәрсе табуға болады. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу. Кез келген тақырыпқа материалдар алуға болады. Шалғай елге сапар шегу үшін қонақ үймен таныса аласыз, Интернет күнделікті тұрмыс пен жұмыстың құралына айналып отыр.
Мен көктемде оралатын құстардан қарлығашты жақсы білемін. Қарлығаштардың ақылына таң қаламын. Олар өткен жылы ұя салған орнына келесі жылы қалай келетініне, ұяларын қалай жаңартатынына қарасаң өте қызығасың.
Егер мен елсіз аралға түссем, бірінші қатты қорқып, көмек сұрап айқайлайтын едім. Ол аралдан шығу мүмкіндігі жоқ болғанын түсінгеннен кейін, сабырға келуге тырысатын едім. Егер сабырлы болсам, мүмкін бұл жағдайда не істеу керек екенін түсінермін. Өз-өзіме келгеннен соң, таза су көзін іздеймін. Таппасам, колдан су тазартқыш істеймін. Судан кейінгі орында - от. Түнде жылыну үшін маған ол өте қажет, сол үшін бар білімімді жинақтап, от жағуға тырысамын. Міне от та жағылды! Ендігі мақсат - тамақ табу. Ол үшін айналамды қарап, жеуге жарамды нәрселерді іздеймін, немесе балық айлаймын. Бұл мәселе шешілгенде ағаштан үй соғуға да кірісуге болады.