Бесбармак,куырдак, жане т.б
3тапсрмага юбкага бор ,мата ,кайшы,ине,жип
Тіл мәселесі көп айтылады. Бізде мемлекеттік тіл қазақ тілі. Бірақ, менің көптеген достарым өз ана тілдерін дұрыс білмейді. Орыс тілінде, ағылшын тілінде жақсы сөйлейді. Мен оларға таң қаламын, мемлекеттік тілді, яғни өздерінің ана тілін неге білмейді. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте,-деп ата-анасы үйретпеген бе? Мен өз тілімді жақсы білемін, ал мемлекеттік тілде де сөйлей аламын. Бұл менің еліме деген құрметім, ал өз тілімді білгенім, ана тіліме деген құрметім.
Қыс келді. Күн суыта бастады. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар. Қыс мезгілі өзінің аппақ қарымен, сықырлаған аязымен, көк айдын мұзымен ерекше. Қыстың таңғы салқын ауасы керемет күйге бөлейді. Қарға күн сәулесі түсіп, көз тоймайтындай жарқырайды. Дала тып-тыныш, айнала аппақ қар. Ақ ұлпа қар жамылған ағаштар, үйлер, таулардағы қыс көріністері көздің жауын алады. Қыс мезгілінің тағы бір ерекше көрінісі -қысқы ойындар. Қысқы ойындар өте қызықты, сондықтан балалар қыс мезгілін асыға күтеді. Бірі шанамен сырғанап, бірі аққала жасап, бірі қар атысып ойнаған балалардың көңілді жүздерімен дауыстары ерекше көңіл-күй сыйлайды. Қысты асыға күтуіміздің тағы бір себебі-жаңа жыл мерекесі. Әсіресе бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қуанышы мен қызығы мол қыс мезгілін өте жақсы көремін.