Салем Дана
Салем Мира
Сен қай қалада тұрасың?
Мен Алматы қаласында тұрамын
Қалада метро бар ма?
Иə,біздің қалада метро бар.
Сен метромен жүріп көрдің бе?
Əрине маған метроға мінген ұнайды .
Жарайды саубол .
Саубол .
Қазақ халқының ұлттық болмыс-бітімінің бір өзгешелігі –дастархан жайып, кімді болса да адал көңілмен қарсы алатын кең пейілдігінде, меймандостығында. Қазақ үйіне келген адамға дастархан жайып, қонақжайлылық ниет білдірмеген адамды «қазанын қара суға малып отырғандай» деп кемсітетін болған. Сондықтан да қазақ халқы танысын, танымасын үйіне бас сұққан адамға «Қырықтың бірі – Қыдыр» деп қарап, дастархан жайып, барын оның алдына қойған.
Қазақ – намысшыл халық. Қонақтан тамақ үшін ақы алу деген оның әдетінде мүлдем жоқ. Бұл көргенсіздік саналып, ырымға жаман деп есептелген. Расында да қазақ «дастарханы қурап тұр» дегізбеу үшін, өзінің ең дәмді асын қонағына сақтап отырады да, реті келгенде, оны дастарханға қояды. Қазақтың ұзақ сақталып, тек қонақ келгенде ғана дастарханға салатын сыйлы асы – сүрленген ет, қазы, шұжық, жент, құрт, қарынға салынып сақталған сары май, тәтті, тары, қант, шай, өрік-мейіз т.б. «Қонақ асы – қазақтың бөлінбеген еншісі» деген сөз бұрынғыдан қалған. Ерулік, қымызмұрындық, сірге мөлдіретер, соғым басы, көңіл шайы, келін шайы т.с.с. бас қосулардың мақсаты, тілек мүдделері қазақтың меймандостық ниетінен туындаған.
Қазақ – қонақжай халық., көңіл табуға шебер, дос жинауға құмар. Қазақта келген қонақты «құдайы қонақ», «сый қонақ», «арнайы қонақ» деп түрліше атаған. Бұлардың қайсысына болмасын, қазақ, ең алдымен, мал сойып, қан шығарған. Дастарханның қадірлі асы жаңа сойылған малдың бас-сирағы деп есептелген. Өте қадірлі адамға қазақтар тай да сойған.
Қыс мезгілі жыл маусымдарының ең жұмбақ маусымы, ерекшелігінде сөз жоқ. Бұлай дейтінінім қыс сияқты басқа маусымдардың ешқайсысы қаһарын көрсете алмайды, келесі бір күні ақ бөріктің астынан қара көзі жәутеңдеген аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ қарды жамылып шыға келеді. Не деген сұлулық деп таң қаласын. Аязға қарамай ойнаған күндер, аққала жасап оның бір бейнесін ашып жаңа бір дүние жасағандай қуанып шаттанасың. Айта берсең қызығы мол таңғажайып жылдың ең жұмбақ мезгілі — қыс
соқырға таяқ ұстатқандай-анық.
құрмысқадай қаптады- көп(өте көп деген мағынағой)
жүз көріспеу- ұзақ уакыттан бері кездеспеу.
езу тарту- күлу(жымию)
тайға таңба басқандай- анық