<span>Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір
мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік
пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт
беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен
қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың
мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не
шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар
достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден
арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік
достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен
көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті:
“Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”,
“Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”.
Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік
алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос
дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік
мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы
саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату
шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
</span>
1.Мәтінде табиғат туралы айтылған 2.Табиғат пен адамның байланысы мамандықпен байланысты болып тұр өйткені табиғат жаратады және біз әрі қарай дамытқымыз келеді 3.Әрине сөзсіз табиғат.Өйткені табиғат ешкімге бағына алмайды және кұштірек 4Адам табиғатпен ынтасы,табиғатқа сыйластығы болса тіл табыса алады.
Алматы қаласындағы Менің сүйікті орыным-Горький паркі. Бұл өте қызықты саябақ. Мен барамын сонда әрқайсысы өзінің туған күнін атап өтті. Бұл саябақта аттракциондар, дельфинариум, мейрамханалар, аквапарк және басқа да көптеген ойын-сауықтар бар. Балмұздақ сатып алуға болады. Біз анам мен әкеммен кәуап сатып алуды жақсы көреміз. Мен ата-анаммен бірге аквапарктағы төбешіктен сырғанауды жақсы көремін. Горький саябағында "дөңгелек шолу" аттракционы бар. Мен Горький паркіне баруды ұнатамын.
Қазақстан Республикасы - Еуразия құрлығындағы мемлекет. Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді аймақтар да бар. Табиғат сулулығы біздің қолымызда, біз оны сыйлауға мен қорғауға тиіспіз