Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?
Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.
Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.
Зақстан оқушыларының мектеп формалары
Ашық сабақтың үсті екен
Кәмісия келген шұбырып.
Көк түсті галстук күшті екен,
Шашына ақ бантик байлаған
Оқушы отыр құлпырып...
Иә, сіз тура таптыңыз! Бүгінгі тақырыбымыз мектеп формаларына арналады. Өткен жолы әлем мектептерінің ең таңдаулы формаларына шолу жасаған болсақ, бүгін сіз болып, біз болып, Қазақстан оқушыларының мектеп формаларының тарихына үңілетін боламыз.
Қазақ жеріндегі ең алғашқы мектептердің оқушыларында мектеп формасы деген ұғым мүлде болмады десек те болады.
Тек қана, Кеңестер Одағында, оның ішінде Ресей мемлекетінде 1918 жылыоқушының оқушы екендігін білдіретін нышан ретінде арнайы мектеп формасы бекітілді.
Тарихтан хабарыңыз болса, нақ осы кезең ел басына күн туған өте ауыр кезең еді. Сондықтан ата-аналар да, мемлекет те барлық оқушыларды бірдей формамен қамтамасыз ете алмады.
Уақыт өте келе, мектеп оқушылары қызыл-қоңыр түсті көйлектер мен фартук киіп, алмалы-салмалы жағалар тағынып жүретін болды. Үйлеріңізде әжелеріңіздің ескі суреттері сақталған болса, тағы да бір үңілулеріңізге әбден болады.
Мектеп формаларын кию заңды түрде қатаң бекітілгені соншалықты, 1920 жылдардан бастап, талапты орындамағандарға «халық жауы» деген айып тағылды.
Бір ғасырға жуық уақыт бойы Кеңес Одағы мектеп формасына бірнеше рет өзгерістер енгізді. Нәтижесінде қыз балалар – мереке күндері қызыл-қоңыр түсті көйлектерімен ақ фартук тақса, қарапайым күндері қара фартук киіп, бастарына бантик байлап жүретін болды.
Көйлектердің жеңі мен жағасы қарапайым ғана безендірілген және оны тағып жүру міндетті саналды. Оған қосымша қара және қызыл қоңыр түсті бантиктерді (шеру кездерінде ақ бантик) байлап жүруге талап қойылатын болған. Революцияға дейінгі формадан ерекшелігі: ұл балалардың тоғалы белдіктер мен былғары, күн қағарлы кепештердің қолдануы. Сонымен қатар, пионерлер - қызыл галстук,комсомолдар - кеуделеріне жұлдызша тағынатын болды.
Сталиннің саясаты мектеп өміріне де әсер етпей қалған жоқ. Ол кездегі тәртіп бойынша, тіпті шаш сәнінің өзі бірыңғай болсын деген заң бекітілді. Ал шаш бояу туралы әңгімеге мүлде орын жоқ. Қыздарымызға бұрымдарының болуы және бантиктерін тастамауы міндеттелді.
Жылымық кезеңі
1960 жылдарда бекітілген форма ұл балалар үшін өте тиімді болды. Сұр түсті жүнді шалбарлар мен кеудешелердің орнын жартылай жүнді көк түсті форма алмастырды. Ал жеңдеріне пластик материалға шығып келе жатқан күн мен ашық тұрған оқулықтың суреті салынған танымбелгі тігілді.
Қайта құру кезеңі
1980 жылдардың басында форманы баланың жасына қарай киіп жүру туралы қаулы шықты. Мұндай формаларды кию сегізінші сыныптан басталатын еді. Нәтижесінде қыздарымыздың бұрынғы киетін фартукты формалары тізенің астына түсіп тұруы тиіс болды да, ұл балалардың формаларын шалбарлы костюмдер алмастырды. Түсі және алдыңғы танымбелгілер сол қалпында сақталды.
Тәуелсіздік жылдарында
Кейіннен Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін мектеп формасының бірыңғай болуы туралы заң өз күшінде қала алмады. Дегенмен, мектеп оқушылары, оның ішінде қыз балалар ақ көйлек пен қара белдемшелер, ұл балалар ақ көйлек пен қара шалбар киетін болды. Мойындарына көк галстук, көк пилотка киген мыңдаған бөбектер мектеп табалдырығын аттап жатты.
Тек қана 2006 жылдан бастап, бірыңғай мектеп формасына көшу туралы заң қабылданғаннан кейін, мектеп формасы бір жүйеге келтірілді.
В общем человек должен знать много языков. Это является примером для каждого народа. Среди этих языков, русский, казахский, английский нужно знать обязательно. Когда будешь ездить в другие страны за границу, то будешь говорить на их языке, это пример времени. Вот перевод.