Егер компьютер болмаса, интернет желі де болмас еді, ал интернет желі болмаса, адамдар көп нәрсе біле алмас еді. Компьютердін жоқ болуынын өзіндік кемшіліктері де, жақсы жақтары да бар. Жақсы жақтары, ол: адамдар бір- біріне көп уақыт бөлер еді, бос уақыттары көбірек болар еді, кітап оқып, айналада болып жатқан нәрселерге көбірек коңіл бөлер еді. Ал кемшіліктері: адамдар керекті іс-қағаздарды принтер арқылы шығара алмас еді, видеоны сақтайтын жер болмас еді, айта берсе көп. Компьютердің бары да жақсы, жоқ болғаны да жақсы.
Таза ауа денсаулық кепілі!
Ана тілің алпыс тілге татиды деп ана тілімізді , қазақ тілімізді білуіміз қажет достар.
Төрт түлік туралы жұмбақтар бар
Апан-апан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз. (Түйе)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында жанды бас. (Тасбақа)
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
Тастамайды бір елі,
Үйін сүйреп жүреді. (Ұлу, немесе тасбақа)
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады. (Мысық)
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз,баптаймыз.
Бейбітшілік құсы,- деп,
Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін)
Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен,ұстайды. (Балық)
Күндіз соқыр не деген?
Түнде қалай көреген? (Үкі)
Білесін мекен даласын,
Бірден тауып аласың,
Салыр алып дорбаға,
Жүреді ылғи баласын. (Кенгуру)
Жер бетінде жатқан арқан,
Ұстауға оны бәрі де қорққан. (Жылан)
Қара арғымақ мінгенім,
Қыр айнала жүргенім.
Сегіз найза сенгенім,
Он екі қылыш ілгенім. (Бүркіт)
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)
Бір аң бар қайраты көп, болған күшті
Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан)
Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,
Өзіне міндетпесе, қызмет қылмақ. (Есек)
Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елде іздейді,
Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр)
Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Жолбарыс)
Орманда жоғары
Ғашқа қонады. бата алмас түлкі.
үсті тікен (кірпі)