Мектебіміздің-анықтауыш. Неміздің? Мектебіміздің
Бастапқы формасы: Мектебіміздің
Тұрақты белгілер: дара, негізгі, жалпы, жансыз, деректі
Тұрақсыз формасы: көпше, ілік септік
Үйде отырады, жатпайды,
Көзін терімен қаптайды.
Жазда бекер тұрса да,
Бергенді қыста ақтайды.
/Бүркіт/.Далаға отау тіктім қонақ үшін,
Қонақ кісім ақылы шолақ үшін,
Қонақ қонып жатқанда үй жығылып,
Үй үстінде қалыпты қонақ кісім.
/Бүркіт/.Бір нәрсе екі аяқты, сегіз бармақ,
Іліксе дүниенің бәрін алмақ.
Өзінің тілі бар да тістері жоқ,
Жұтады көрінгенді алмап-жалмап.
/Бүркіт/.Таудан тоқым лақтырдым.
/Бүркіт/.Қара арғымақ мінгенім,
Қыр айнала жүргенім,
Сегіз найза сенгенім,
Он екі қылыш ілгенім.
/Бүркіт/.Айуан екі аяқты, асқан батыр,
Басына о батырдың тіккен шатыр.
Шешерсің дана болсаң бұны біліп,
Кел-кел деп, қан майданға шығысқанда,
Бір айла адамзатта болып жатыр.
/Бүркіт/.Елең, елең етті,
Қарға ауылға қона кетті,
Қақтың суын іше кетті.
/Бүркіт/.Жер басқанның жүйрігі,
Аспаннан келер бұйрығы.
Бұйрығы жетіп келгенде
Шошаңдайды құйрығы.
/Бүркіттің қоянды алуы/.Ерте тұрады,
Жар шақырады.
/Қораз/.Басы тарақ,
Арты орақ.
/Қораз/.Қызылдан киген киім, басқа қалпақ,
Саусағы төртеу болған, емес жалпақ.
Үстіне неше түрлі тон жамылып,
Басады мас адамша талтақ-талтақ.
/Қораз/.Дүниеде бір молда
Уағында азан оқиды.
Мезгілінде айқайлап,
Қайтып кеп жер шұқиды.
/Қораз/.Бір топ қамыс ішінде
Шақырады жанды гүл.
/Қырғауыл/.Бір топ жыңғыл ішінде,
Бір жапырақ қызыл гүл.
/Қырғауыл/.Айтамын бір жұмбақты сізге нұсқап,
Басына бөрік киер, құндыз ұстап.
Үстіне ақ камзолын киіп алып,
Жүреді екі қолын артына ұстап.
/Сауысқан/.Бір мақұлық түспейді екен мұнарадан,
Бір күнде тағам татар әр қарадан.
Басында қара жылтыр кепесі бар,
Белінде белбеуі бар күлпарадан.
/Сауысқан/.Бір құс бар жан білмейтін ішкен асын,
Адамға көрсетпейді жұмыртқасын.
/Жарқанат/.Бар екен бір мақұлық шағын ғана,
Мекені күндіз оның биік жарда.
Ұшпайды ол мақұлық күндіз тіпті,
Ұшады кешке таман күн батқанда.
/Жарқанат/.Әкесі тышқан,
Шешесі құстан.
/Жарқанат/.Күндіз жоқ,
Түнде бар.
/Жарқанат/.Жар басында жарбиған,
Құлақтары қалбиған.
Тышқан, құс аңдып жүреді,
Бұл құсты кім табады?
/Жарқанат/.Күндіз ұшпас,
Түнде ұшар,
Құс қанатты,
Тышқан суретті.
/Жарқанат/.Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ,
Тұяғы бейне болат алмас пышақ.
Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі,
Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады.
/Үкі/.Мысық бастан,
Жапалақ түстен.
/Үкі/.Қайталап атымды,
Көктемде ән саламын.
Кез келген ұяға,
Жұмыртқа табамын.
/Көкек/.Даланың көріп пе едің молдаларын,
Тыңдаңыз ол сорлының айтқан зарын.
Жиылып бір араға ойбайлайды,
Кез келген дүниеге ол бір жарым.
/Торғай/.Тал басында ағаш үй,
Терезесіз тамаша үй.
Соны мекен етеді,
Қыста алысқа кетеді.
/Қара торғай/.Желіп кетсе, жеткізбейді,
Тап қасында жатса да адам көрмес.
/Бөдене/.Меңгіл-меңгіл, меңгілше,
Меңгілде бар тарғылша.
Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе табылмас.
/Бөдене/.Сөйлесе сөзді,
Айтса ауызды,
Тынысы басқа,
Маңдайы қасқа.
/Тоты құс/.Аққу емес, мойны ұзын,
Тырна да емес, сирақты.
Аулайды балық күн ұзын,
Түсіреді еске жирафты.
/Балықшы құс/.Тұмсығымен ояды,
Ұя салып қояды.
Табыңдаршы, балалар,
Ол қандай құс болады?
/Тоқылдақ/.Қызыл жыңғыл түбінде,
Қыздай болып отырмын.
Беті-қолымды жуып алып,
Мұздай болып отырмын.
/Қырғауыл/.Ай астында жортқан,
Күн астында жортқан,
Күміс сырнай тартқан.
/Қаз, қу/.
Балпаң-балпаң басады,
Адамнан қатты сасады.
Саусақтары салалы,
Қыста жылыға қашады.
/Қаз/.Екі аяғы да жоқ,
Белінде таяғы да жоқ.
/Жұмыртқа/.Айтайын бір жұмбақты саған нұсқап,
Басына бөрік киер қара пұшпақ.
Үстіне ақ камзолын киіп алып,
Тұрады екі қолын артына ұстап.
/Ала қарға/.Ұзын сирақ, түйе бас,
Жібек жалды қара шаш.
Қарап тұрсаң керуен,
Жасағаны серуен.
/Тырна/.Көлде жүрген көп сиыр,
Жетіп барсаң, жоқ сиыр.
/Үйрек/.Шелектеп құйсаңда су жұқпас.
/Үйрек/.Таңертең қашқан сиыр кеште бұзаулайды.
/Тауық/.Күн батса қонақтап қалғыған,
Таң атса жерден жем аңдыған.
/Тауық/.
Ағаш басында,
Тас арасында,
Әр алуан қуыста
Түндіксіз отау.
/Ұя/.Құдай шебер ме,
Құрқылтай шебер ме?
/Ұя/.