Баяғыда Мақта қыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді. Қыз: – Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: – Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: – Ендеше қатығыңды төгем! – дейді. Мақта қыз: – Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық: – Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді. Мақта қыз: – Менің қатығымды төле! –дейді. Мысық сиырға барады. – Сиыр, маған қатық берші! – дейді. Сиыр: – Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді. Мысық ағашқа барып: – Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді. Ағаш: – Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді. Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді. – Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді. Қыздар оған: – Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді. Мысық дүкенге барады. – Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді. Дүкенші: – Маған жұмыртқа бер! – дейді. Мысық тауыққа барады. – Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді. Тауықтар: – Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді. Мысық: «Енді не қыламын?» – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады. – Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді. Тышқан қорыққанынан: – Үйімде бір табақ тары бар, – дейді. Мысық: – Маған бір уыс тары бер, – дейді. Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді
Аққу құсы әдемі құс болғандықтан, жалпы ақ түсті болып келеді - сұлулыққа теңеген. Қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген. Құстардың ішінен жұптасып өмір сүретін бірден-бір құс. Егер Жұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі адамша қайғырып,ауырып өлуге барған. Осы жағдайдан кейін екінші аққуға қосылмайтын болған. Осыдан қазақ халқы "Аққуды атуға болмайды", "Махаббаттарың айдында жүзген қос аққудай болсын" -деген дана сөздер қалдырған.
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир. Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді
Біздер отбасымызбен бірге орманға бардық. Онда өте қызықты. Қоян,тиін,суыр жəне т.б жануарлады көрдік. Орманда отырып тамақтандық. Таза ауа,жануар мен қустардын дауысы. Кустардын əн салған дауысы өте керемет. Булактын да дауысы кустармен бірге əн салып тургандай.Біздер уйге қайтып бара жатырғанда менін көнілім тусіп кетті. Өйткені мен орманда тагы да болгым келді. Əкем тағы да орманға барамыз деген сөзді естігенде қатты қуанып кеттім