- Сәлем Бәтеңке!
- Сәлем!
- Ей, неге көңіл - күйің жоқ? Түріңе не болған?
- Қайсы бірін айтайын, мені егем даланың лайы мен қарына киіп, рақатымды көрді. Енді мені керек етпестей лақтыра салды. Түрім болса мынау, бір майлап, сүртуді де білмейді. Содан ренжіп кетіп барамын. Менің де қадірімді біліп, сен секілді таза ұстайтын бір адам табармын.
- Сұмдық - ай, мынауысы дұрыс болмапты. Мені егем күндн кешкісін сүртіп, тазалап, майлап қояды. Көктем шыққансын жуындырып, далаға кептіруге іліп қойды. Қарашы маған, менен ешбір әжім көрмейсің.
- Иә, солай.
- Енді қайда бармақсың? Оданда менімен қалсаңшы.
- Мен сияқты ұсқынсыз бәтеңкені қажет ете ме?
- Әрине, ол өте мейірімді
- Олай болса, жарайды.
Далада қисайып жатқан ескі бәтеңкені көрген Сәлім ағай жерден көтеріп алды да үйіне алып кетті.
Бұл суретте асқар Алатау мен қасындағы көл бейнеленген. Ну орман таңғажайып табиғат бейнесі бейнеленген. Таудың ауасы да басқа шығар шіркін. Бұл қателеспесем Алатау. Таудағы өсімдігі, тіршілігі, жан-жануарлары ерекше болады.
Ақылды....................
Маусым жарлығы – “Июнь жарлығы” – Ресей патшасы Николай ІІ-нің 1916 жылы 25 маусымдағы “Бұратана” халықтардың өкілдерін тылдағы жұмысқа алу жөніндегі жарлығы.
Жарлық Қазақстанның , Орта Азияның, ішінара Сібірдің 19 бен 43 жастың аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстарын және әскери қатынас жолдарын салу, майдан өңірі маңайында жолдар салу, т.б.) “реквизициялауды” (“жұмылдыру”, “әскерге шақыру” емес) жоспарлады. Бейнебір малды реквизициялау (өткізу, жеке адамның мүлкін күшпен алу) туралы болып отырған сияқты “реквизиция” сөзі қолданылды. Бас штабтың салғырт салығы бойынша тыл жұмыстарына Қазақстаннан , Орта Азиядан 400 мың адам, оның ішінде қазақтар мекендеген барлық облыстардан 240 мыңға жуық адам алу жоспарланды. Бірінші кезеңде 19 – 31 жас, екінші кезеңде 32 – 43 жас аралығындағы азаматтар алынбақшы болды. Олардың тізімін жасау жергілікті болыс басшыларына жүктелді. Патша өкіметінің жергілікті әкімшілік орындары істі жеделдету үшін болыс, старшын және “құрметті ақсақалдармен” жиналыстар өткізіп, “Маусым жарлығын” бұлжытпай тез орындау керек деген шешім қабылдады. Бұл жергілікті жерде патша өкіметіне қарсы халық наразылығының күрт күшеюіне алып келді. Халық наразылығы күннен-күнге өріс алып, Қазақстандағы он алтыншы жылғы көтеріліске ұласты.
Жаңа жыл жақындаған кез. ҚазПоштаға бір оқушы бала келіп, Аяз Атаға хат жіберегісі келетінін айтады. Қызметші открытка, қалам береді, әлгі бала жарты сағат отырып жазған хатын қызметшіге береді. Қызметші қасындағыларын шақырып, бәрі бірге оқиды. «Құрметті Аяз Ата! Жаңа жыл келе жатыр. Ал менде не бас киім, не свитер, не шарф, не қолғап жоқ. Өтінемін, маған силық ретінде беріп жіберші!». Мұны оқыған қызметкерлер әлгі балаға жандары ашып, бәрі жиналып, манағы жазғандарын сатып алады, тек қолғапқа ақша жетпей қалады. Келесі күні оқушы бала келіп, посылканы алып кетеді, 2 күннен кейін тағы хат әкеледі Аяз Атага. Аналар тағы ашып оқыса: «Аяз Ата силықтарыңызға рахмет! Тек қолғап жоқ ішінде! Менің ойымша мына поштадағы оңбағандар, алып алған сияқты
<span>
</span>