«Жерұйық» көркемфильмі 1937 жылы Қиыр Шығыстан кәрістер жер аударылған Алматы облысы, Үштөбе аулында өскен сценарист Сон Лаврентийдің балалық шағы туралы фильм. «Жерұйықтың» көрермен назарына жол тартқанына да бір жылдың көлемі болып қалды. Фильмнің басты идеясы — Қазақстандағы көпұлттылықтың пайда болуын көрсету. Режиссері - Сламбек Тәуекел, ал сценарийдің авторы - Лаврентий Сон сол заманның тірі куәгерлері.
Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы қыс - мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлікте төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар.Ал мен үшін орыны бөлек, жаныма жақын - күз мезгілі. Иә, көне шаһар төріне өзімнің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.Мектепке асыққан бала, қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Сондықтан күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады. <span>
</span>
Сәлем – сөздің анасы» деп қазақ бекер айтпаған. Алайда осы сөздің мән-мағынасын түсінбейтіндер арамызда көп-ау. Берген сәлеміңді алмай, сені көрсе де, көрмегендей қалыпта дәл қасыңыздан өте шығатындарға келесіде сәлемдескің келмейді-ақ. Бірақ келесі жолы да ондай кісілермен амандасасыз. Әйтеуір сіз сәлемдесуден айнымайсыз. Мұныңыз өте дұрыс. Діни кітаптарда да мұсылман мұсылманмен сәлемдесуі міндетті екені айтылады. Бұл – пайғамбарымыздан қалған сүннет.
Бірін-бірі танитын кісілер нәсіліне, дініне қарамастан амандасуы қажет. Өйткені олар, ең алдымен, ақыл иелері және бір-біріне бөтен емес.
Сондықтан сәлемдесу – адамдар арасындағы қарым-қатынасты жалғастырар ең басты тілдік құрал. Алайда ауыз толтырып «Алланың нұры жаусын!» деп, яки «Ассалаумағалейкум» деп сәлемдесіп, оған «Сізге де Алланың нұры жаусын!» деп жауап қатуға тиіс. Өз бауырларымыздың кейбірі ата дәстүрді бұзып, әлі күнге басқаша амандасады.
Өздеріңіз бірін-бірі көргенде беттерінен, тіпті еріндерінен сүйіп сәлемдесетін бойжеткендерді көріп жүрсіздер ғой. Міне, тап сол секілді ерлер де қол алысып амандасуды, тіпті төс түйістіргенді азсынып, енді бір-бірінің беттерінен «шөпілдетіп» сүюге кірісіпті. Әсіресе, мұндай келеңсіз құбылысқа икемділер ел білетін, азды-көпті лауазым иелері екені тіптен қызық. Ұлттың зиялысы болуға жарайтын, көпшілік «бұл бала билікке бір табан жақын жүретін азамат қой» деп қарайтын, костюм киіп, галстук тағып шікірейгендеріміздің кез келген жерде, көбіне қоғамдық жерлерде, кісі көп жиылған орындарда шұрқырасып, алма-кезек беттерін «былшылдатып» сүйісіп жатқанын көргенде өзің де қысылып қаласың.
«Өзі ұялмаған – өзгенің бетін шиедей қылады» деген – осы. Сәлемдесуді осындай деңгейге дейін түсіріп жүргендердікі білместіктен дейін десең, зіңгіттей, білімді адамдар. Бұлардыкі әлде жағымпаздық па? Екеуі де сияқты. Оңаша кабинеттерінде кездескенде солай амандасып жүретін болса керек. Сірә, жүре-бара жұрт көзінше де солай амандасуға көшкен.
Әрине, ұзақ уақыт көрмеген жағдайда балаларды, ұл-қыздарыңды, немере-шөберелеріңді бетінен, маңдайынан иіскеп, сүйіп, елжіреудің сөкеттігі жоқ.
Көпшілік бас қосқан жерде ортақ сәлем бергеннен кейін, жекелеп амандасу – басы артық әрекет. Әдетте жасы кіші – үлкенге, жеке – жалпыға, аттылы – жаяуға, басшылар бұқараға бұрын сәлем беруі – міндет.
Ұстаз білім береді.
Ұшақ ұшады.
Ұста қолөнермен айналысады
Біздің мұғалім өте жақсы ,қызықты әңгімелер айтып береді.Бір күні қоңырау кезде мұғалім қайшы туралы ертегі айтып береді. Қайшының қалай пайда болуы,кіммен дос болғаны, не істеп жүргенін бәрін айтып береді. Қызық болғаны сонша қоңыраудың сыңғыры да естілмей қалды. Мұғалім келесі қоңырауда жалғасын айтамын деді.