Ана тілің алпыс тілге татиды.
Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
Өз тілің - бірлік үшін,
Өзге тілің - тірлік үшін.
Анам берген туған тілім,
Атам берген құрал тілім.
Туған ел-тұғырың,
Туған тіл-қыдырың.
Менің болашақ мамандығым
Менің болашақта полиция қызметкері болуды армандаймын, себебі біздің отбасымызда атам да, әкем де, үлкен ағам да полиция қызметкерлері - бұл да менің келешек мамандығымды таңдауда өз септігін тигізді деп ойлаймын.
Полиция қызметкерінің жұмысы аса қауіпті әрі ауыр, сонымен қатар үлкен жауапкершілікті талап етеді, себебі сен ел мүддесін жоғары қойып, қашанда қызмет етуге дайын болуың керек. Қоғамдағы тәртіпті сақтап, тынымсыз еңбек етуің керек.
Полиция қызметкері болу үшін денсаулығың да мықты болып, спортпен шұғылдану керек. Бұл қызметті тек шыдамды, аса жауапты, адал адамдар таңдау керек.
Мектеп бітірген соң арнайы жоғары оқу орнына түсіп, болашақта ел мүддесін қорғайтын жауапты полиця қызметкері болғым келеді.
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік бізге 1991 жылдың 16 желтоқсанында келді.Бұл біздің ата-бабаларымыздың қалаған тілегі жəне де бұл тілек орындалды.Тек біз осы тәуелсіздікті мәңгі сақтауымен керек.Ал негізінде бұл тәуелсіздік бізге қиын жолдармен келді. Мен өз еліммен мақтанамын! !!!!!