Мен көктемгі демалысымды қызықты өткіздім. Наурыз мейрамын тамашаладым. Түрлі ойын-сауық жерлерге барып, көңілімді көтердім. Сосын туыстарымызға барып, көрістік. Сол үйде күшіктер бар екен. Есімдері Аланмен Боран. Олар сондай сүйкімді әрі әдемі екен. Мен олармен ойнап, қызықты күн өткіздім. Міне осылай менің көктемгі демалысым қызықты әрі естен кетперлі
Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр. Ел тегіс биесін ағытыпалар от басында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай!
<span>
</span>
1 Бүгін балалар, сабақтан соң қалалық мұражайға барамыз.
2. Наурыз мерекесі қай айда болады?
3. Сен мен жұмыстан келгенде дайын отыратын бол.
4. Анашым, туылған күнің құтты болсын!
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
<span>Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашықы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.</span>
"Ай жердің серігі"
Ай - Күнге ең жақын ғаламшар серіктерінің бірі. Жерден жақынырақ ғаламшарларда, яғни Меркурий мен Шолпаннда, серіктері жоқ. Ғасырлар бойы адамзатқа жұмбақ болған жерден тыс объектілердің ішінде адам баласының аяғы басқан денелердің бірегейі. Басқаша айтқанда, адам баласы тек Айда жүріп көрген. Айдың тағы бір ерекшелігі - ауа жоқ және Күн сәулесін шағылыстыру қасиеті жоғары болып табылады.