-Теледидарды жиі көресің бе?
-Иə,жиі көремін.
-Күніне неше сағат көресің?
-Күніне екі сағат көремін.
-Сен теледидардан телехикая көресің бе?
-Иə.
-Ол қай күндері болады?
-Бейсенбі,сейсенбі күндері болады.
Қазіргі таңда қазақтың дәстүрлі әндері жақсы даму үстінде. Көптеген ақын жазушыларымыз осы дәстүрлі әндерді насихаттап жүр. Оның ішінде Рамазан Стамғазиев Тамара Асар сынды тағы да басқа өнер майталмандары бар.
Қазақтың операсына келетін болсақ Опера әнін айту үшін дауыс ырғағы өте жоғары болу керек. Белгілері олар қазақтың дәстүрлі әндерінде де операда да махаббат, тәрбие жайлы көптеп шырқалады. Қазіргі таңда қазақ операсының жарық жұлдыздарына Салтана Ахметова, Сүндет Байғожин, Нұржамал Үсенбаева тағы да басқа әншілер кіреді
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.