тут как бы нужен текст так как вопросы заданы ПО ТЕКСТУ
Ответ:
жел дауылды шақырады
бұлт жаңбырды шақырады
өткен бұлттан жауын күтпе
жаңбыр жауса жерге сый
жігіт туса елге сый
күркіреген бұлттың жауыны аз
басшысыз ел жетім
жауынсыз жер жетім
сәуір болмай тәуір болмас
жауын болмай дауыл болмас
Мөлдір тұнық көк аспан,
Сол аспанға жарасқан
Самалеттей сұңқармен,
Ұшқан құспен таласқан,
Ұшқыш болғым келеді!
Көңлі – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан,
Ай, күнімен аспанның
Әзілдескен, сырласқан
Ұшқыш болғым келді!
Күнге күліп, күй тартқан,
Айға әнің тыңдатқан,
Бақыт жырын жырласа,
Таң шолпанын қуантқан
Ұшқыш болғым келеді!
Тыңда туып түлеген,
Тас түлектей көреген,
Көк қойнында тояттап,
Шың басында түнеген
Ұшқыш боғым келеді!
Жат жерлерге қонбаған,
Жатқа көңілі толмаған,
Асыл затты сұңқардай
Өз ұясын қорғаған
Ұшқыш болғым келеді!
Мұздай болат киінген,
Батпан қару үйірген,
Қорғап бақыт ұясын,
Тас түлектей түйілген
Ұшқыш болғым келеді!
Ар, намысн ақтаған,
Жүректе сыр жаттаған,
Туған елің – ұясын
Жан- тңнімен сақтаған
Ұшқыш болғы келді!
Ұшқыш болмай немене!
Қуат бітті денеме!
Қанатым бар қайысып,
Жастарға ісім өнеге,
Ұшқыш болғым келеді!
Менін пір тутатын тулғам
Қазіргі заманда пір немесе улгі тутатын адамдар өте сирек кездеседі.Біреулер басқа улттын азаматын улгі тутса,кейбіреуі өз елінін азаматын пір тутады.Мен өзіме улы ақын Абай Қунанбаевты улгі тутамын.Абай ақын өте ақылды,мейірімді жəне əділетті.Онын аты тарихта ешқашан өшпейді.Халықты əділеттікке шақырып,адамды ақылға салатын тулға осы Абай.Абайдын өлендері мен қара сөздерін оқып отырған кезде маған мынадай ой келеді Абайдын ақылы шексіз.45 Қара сөздері де иманға шақырып қоймай жақсы іске шақырады.Тарихта қалған көптеген ақын жазушылар бар бірақ жалғыз Абай мен ушін улы ақын болып қалады.
Ответ:
Объяснение
:Қазақстан- небір зобалаңды, небір қиындықты бастан кешірген мемлекет. Бірақ, әрдайым ғасырлар көшінде жасап, гүлденіп, тағдырдың тартысымен арпалысып келеді. Соның нәтижесінде, қазақ - <em>тәуелсіздігін алды</em>, бейбітшілікке қол жеткізді. Ал, оның негізі, түп-тамыры- xалықтың бірлігінде, татулығында, біртұтастығында . Қазақ елінде татулығы жарасқан 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың барлығының жүрегінде бір ел, бір арман, бір сенім және барлығы да Қазақстанмен байланысқан. Еліміздің шаңырағында алаңсыз өмір сүруіміз бірінші Алланың, екінші xалқымыздың еңбегінің жемісі. Егер, арманы мен мақсаты қиылысқан, кемел келешекке бір көзбен қараған, ынтымағы мен бірлігі ұштасқан ұлттар болмаса, республикамыз мұнша жасамас еді.Дегенмен, әлем елдері қызғана да, қызыға да қарайтын мемлекетіміз көк аспанның астындағы бейбіт өмірінің тұғырын биік ұстауда. Себебі, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын алтын асықтай ұлдары, күміс қасықтай қыздары, данагөй қарттары бар! Еліміздегі бірлікті мақтана да, тамсана да ән-жырымызға қосуға болады! Жыл сайын дүркіретіп атап өтілетін 1-мамыр ұлттар достастығы мерекесі айқын мысал емес пе?! Сондықтан да, елімнің жанашыр патриоты ретінде Қазақстанымның әр жетістігін , әр бақытын кеудемді көкке көтере айтуға міндеттімін. Татулық пен ынтымақтың не екенін көріп өскеннен кейін, оның жалғастырушысы болу да- біздің азаматтық парыз. Ата-бабаның маңдай терімен, төккен қанымен келген киелі аманатқа тәуелсіз елдің ұландары қиянат жасамайды деп ойлаймын!