Астанадан келген мамандарға сұраныс түсіп тез арада өз жұмыстарына кірісіп кетті.Қазақстандағы білім министрі Білім беру саласында жаңа өзгерістер енгізді.Мейрамханалардағы аспазшы өте дәмді тағамдар пісіріпті.Медицина саласында жұмыстар өте көп болғанына қарамастан Ақбота жұмысты жақсы атқара білді.Менің апам тігінші бола тұрып мұғалімдік қызметті қатар алып жүр.Тамақ өнеркәсібі еліміздің оңстүк жағында көптеп шығарылатындықтан алматы бірінші орында тұр.менің ағам автомеханик болып қызмет атқарады.
Қазақ тили. мәңгілік тил. ол ата бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра.
Жеңге
Жеңге деген – ол менің ағамның сүйген жары. «Жақсы жеңгең - жарты анаң» дегендей, менің жеңгем өте асыл жан. Біздің үйге келін болып түскелі екеуміз апалы - сіңілі адамдардай болып кеттік, менің бүкіл сырларымды білетін, маған үнемі ақылын айтып, білмейтінімді үйрететін – осы жеңгем. Жақсы жеңге ғана болып қоймай, қайынжұртына инабатты келін, балаларына сүйікті ана.
Қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тәлім – тәрбиесінде жеңгенін орны ерекше. Қашанда өзінен кіші қайындары мен қайынсіңілдеріне әзілі мен қалжыңы араласа жүретін сыйлы, әрі сүйкімді адам болған. «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді» деп айтылғандай, әсіресе қайынсіңілсінің тәрбиесінде ерекше орын алатын, сырласатын осы жеңге болған. Жақсы жеңге кенжелерді атймын атамай, оларды еркелетіп қайындарына «төре бала», «ерке бала», «төрем», «еркем», «кенже бала», «мырза жігіт», «төре жігіт», «мырзатай», ал қайынсіңілдеріне «шырайлым», «кекілдім», «арайлым», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөз», «шашбаулым», «еркем», «ерке қыз» деп ат қояды. Менің жеңгем мені еркелетіп «Сырғалым» деп атайды.
Бұл дәстүр бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді. Бұл сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі. Ер адамдар ақсақалдар мен өзінен үлкенді «ата», «әке», «ереке», «жәке» деп құрмет көрсету осы дәстүрден туындаған. Осы бір әдет — ғұрыптан жасы үлкен адамды сыйлаудың озық мәдениетін көруге болады.
Отан десем оралады ойыма Ақсақалды, ақ шапанды қария, Туған жерім - құт мекенім, дариям, Егеменді елім, туым, әнұран, Қанатымды қағып ұшқан жанұям. Осы жолды аңсап еді еліміз, Ар-намысты батыр туған жеріміз. Мақтан етер бай мұрасы, салты бар, Мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар. «Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс, ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһармандары... Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін. Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 20 жыл өтті. Қазақстанның жиырма жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар. Бүгінгі Қазақстан Астанасын бас қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналдыра, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүние жүзіне танытуға күш салуда. Бұған мемлекетіміздің Біріккен ұлттар ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып дүние жүзі елдерімен тығыз байланыс орнатуы және осы жолда атқарып жатқан қыруар істері дәлел бола алады. Кемеңгер Елбасымыздың «Қазақстан – 2030» бағдарламасы өз бағытымен жүзеге асса, келешекте Қазақстан мемлекеті дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер қатарына қосылады деген сенімдемін. «Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын. Барша Қазақстандықтарды елімнің мерейлі мерейтойымен құттықтай отырып, ашық аспан көгінде қалықтаған қырандай еркіндік пен даму, асқан бақыт және шексіз қуаныш, биік белес пен шығар шың тілеймін.
1838 жылы 11 шілде күні Ойылдағы көтерілісшілер жатағы Ақшаттан шығып, Исатай 500 жігітімен Қиылға бет алды. Осы кезде қазақ - орыс әскері мен Баймағамбет жасағы шабуылға шықты. Зеңбіректен тынбай оқ атылып, шайқаста батырдың 19 жасар ұлы Оспан жарақатымен қоршауға түседі. Ұлын қоршаудан құтқарып алған Исатай оны Махамбетке тапсырып, өзі қуғыншылардың жолын бөгейді. Сол уақытта атына оқ тиген Исатай жаяу шайқасады. Алыс - жұлыс үстінде дулығасы шешілген батырға қарсыласының қылышы тиеді. Солай, ер Исатай 1838 жылдың 12 шілдесінде мерт болады. Тарихта бұл соғыс «Ақбұлақ соғысы» деген атпен қалды. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды. Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт - азаттық сипаты басым болды.