Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ адам баласы өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды. Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. Өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады. Қазақта «қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесек те, амандық болсын» деген де сөз бар ғой… «Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар. Тіпті адам ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып алуға болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған. Нанның қасиетті Құраннан да жоғары бағаланатынын осыдан-ақ білуге болады. «Адам атамыз бен Хауа анамыз пейіштен қуылған кезде ит бірге ілесіп кетіп, сонда бидай иттің ұртында келген дейді. Итті «жеті қазынаның бірі» дейтін себебіміз адамзат сол иттің ырыздығын жеп жүр» деген бұрыннан келе жатқан аңыз бар. Бір таңданарлығы, жер бетінде басқа дақылдардың, жемістердің барлығының жабайы түрі бар. Айталық, алманың, жуаның, сұлының дегендей, барлығының жабайы түрі табиғатта кездеседі, бірақ бидайдың жабайы түрі жоқ. Сол себептен де, қазіргі тілмен айтсақ, бидайдың ғарыштан келгеніне иланасың. Шынымен, осы қисынға, «бұл жердің дәні емес, бізге бейнебір ғарыштан жеткен» дегенге біртүрлі сенгің келеді. Үйге келген кез келген адам асығыс болса да, өзге тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады. Адамдардың арасындағы ынтымақ бірлік, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас, ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы нығая түседі, яғни өзі нан ауыз тиген үйіне қазақ жамандық тілемеген. Нанын берген адамға жамандық ойламаған. Қазақтың «бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан келіп шыққан.
Мен тəуелсіз елдің ұланымын!
Мен Қазақстан Республикасында дүниеге келдім.Менің жерім -егеменді де,əрі байтақ ел.
Мен тəуелсіз елдің ұланымын туралы айта кетсем,біз өзіміздің елімізді сүюіміз қажет.Себебі,ол сенің туған жерін!Біздің президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев атамыз айтқандай:Қазақстанның болашағы қазақ тілінде дегендей,біз өзіміздің тілімізді ешқашан ұмытпауымыз қажет."Тіл -басты байлық "деген дана қазақ халқым!
Қазақта:"Туған жердің күні де,түні де ыстық "деген мақал бар.Расында да əр адамның өз туған жері бар.Мен өз елімді мақтан тұтамын!
Мен мектепке аптасына алты күн барамын сондықтан менде тек бір күн ғана демалыс-жексенбі
Биздин сыныптагы Айбек нагыз ер жигит минезди
Мен озиме сенгендиктен озимди нагыз кайсар кыз сезинемин
Менин анам бала тарбиесин оте катан устанады ари бизди тартипти кылып осиретинине толыктай сенимди
Менин ойымша акелер озинин кайсар сенимимен , минезимен откир ойымен нагыз шанырак иеси болуга лайык
Биздин сыныптагы буркит оте дарынды онерли бала.
Менин ажем конакты жаксы кутип оларды торге отыргызу аркылы озинин ибалы екенин далелдейди
Менин хоббиым ажемнин ерекше ертегисин тындау
Мен озимнин аркасуйер ата анаммен мактанамын .
Мен жаксы бала болып борышымды отей билу ушин отбасыма корган болу дурыс деп ойлаймын