Мен барамын
Сен барасың
Сіз барасыз
Ол барады
Біз барамыз
Олар барады
1)Қызыл тонымды далаға ойнауға киіп шығамын. 2) Қолыма былғары қолғабымды, тымағымды, пимамды киемін. 3)Шанамды сүйреп шығамын. 4)Шанамды апам істеп берген.
Енді сыйлық бергенди оны ен бастысы букил ниетимен беру керек. Бирак сыйлыкка акшалай беру дегенди озим онша уната бермеймин.Ссыйлык болганнан сон ол естеликке калатын,озине керекти зат болганы дурыс деп ойлаймын. Сыйлык сатып алганда, оган жайдан-жай акша шашу керек емес, айтып кетип откен болатынмын, озине керекти зат сатып алу керек!
Білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Адамның логикасын дамытуға бағытталған.
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Өз елім, өлең төсегім.
Мал қонысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.
Ел-елдің барі жақсы,
Өз елің барінен жақсы.
Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.
Сұңқар киясын сағынады,
Торғай ұясын сағынады.
Ұлтарақтай болса да
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
Туып өскен ел қымбат.
Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.
Есі бар жігіт елін табар,
Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.
Ырыс алды ынтымақ.
Бірлік болмай тірлік болмас.
Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
Тірлік, тірлік түбі бірлік.
Ағайын тату болса ат көп,
Абысын тату болса ас көп.
Екі құзгын таласса,
Бір қарғаға жем болар.
Саусақ бірікпей,
Ійне ілікпейді.