2)Қазақ халқының ежелден қалыптасқан дәстүрлері әлі күнге дейін сақталып келеді
1Тырнақ пен бастын шашын бейсенбі мен жұмадан басқа күндері алады
2 сейсенбі күні үлкен іске кіріспейді,тіпті мал санамайды.
3 Сəрсенбі сəтті күн болып есептеледі
Ответ:
-Сәлем, Жанар
-Сәлем
-Кеше қазақ тілінен қандай тапсырма беріп еді? Мен күнделікке жазбадым.
-Кеше қазақ тілінен "өнер алды- қызыл тіл" деген сөзді қалай түсінесің? түсінгеніңді жазу керек.
- "Өнер алды-қызыл тіл" дегенді қалай түсінуге болады? Түсіндіресің бе?Өтінемін
-Менің ойымша "Өнер алды-қызыл тіл" Мақсаты-еліміздің мемлекеттік тілі мәртебесін көтеру Оқушылардың өз ұлтына,еліне сүйіспеншілігін арттыру сөз өнеріне баулу деп ойлаймын.
-Көп көп рахмет
Мен кітапханашыдан көптеген мәлімет алдым.Шығармаға қажетті ақпараттарды кітаптардан алдым.Ақпаратты ғаламтордан жылдам табуға болады.Тағы бір жақсы жері досыңа керекті нәрселерді электронды түрде жеткізуге де болады.Ол үшін электронды пошта ашу керек
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.
Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.
Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті.
Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу.