Қожанасыр жарлы болған адам. Бір күні жайау кіре тасып, кəсіп қылып, тамақ асырамақ болған. Базарға келіп,жайау кірешілердің жанында тұрғанда, бір сандықкесе, шыны-айақ, тас табақ сиақты шетін нəрселерді алып баруға жалданбақшы болады. Нəрсе иесі айтады:«Алыпбару ақыңа мен саған үшауыз мағаналы, қасиетті сөз үйретемін», – дейді. Ақша басқалардан да табылады ғой, мұның қасиетті, зор мағаналы сөздерін естіп қалайын деген оймен Қожанасыр жарайды дейді.
Сандықты көтеріп иесіне еріп келе жатып, біраз жер жүрген соң: «Кəні, қасиетті мағаналы сөздеріңізді айтсаңыз екен», – дейді. Жалдаушы айтады: «Бірінші сөз мынау: егерде біреу аштық тоқтықтан жақсы десе, еш уақытта нанбағайсың!».
Етістер — етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі.
Етіс жұрнақтары:
Өздік : ын, ін, н
ол өзі сұранды.
Ырықсыз : ыл, іл, л
онан жөн сұралды.
Ортақ : ыс, іс, с
олар бір-бірінен жөн сұрасты.
Өзгелік :ғыз/гіз, қыз/кіз, дыр/дір, тыр/тір
ол онан жөн сұратты.
Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді.
Ол кейде кедейкепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен, қайырсадақа берумен де көрініс табады. Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары ұйымдастырылған, қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп тұрады