-Сен жақында президент сайлауы болатынын білесіңбе?
-Иә,әрине
-Кім үшін дауыс бересің?
-Мен сайлауға қатыса алмаймын.
-Неліктен?
-Мен әлі кәмелеттік жасқа толмадым
-Өкінішті.Маған кімге дауыс бертініме көмек бересің бе?
-Менің ойымша,жасы үлкен жоғарғы білімімен және жақсы сөйлеу мәдениеті бар адамға дауыс беру қажет.
-Рахмет.Сенің ата анаң сайлауға қатысадыма?
-Иә,әрине.
-Сайлауға қатысу үлкен жауапкершілік екен.
-Келісемін.
-Көмегіңе рахмет.Сау бол!
Домбыра - қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағынан шамамен 2,5 ғасыр бұрын табылған таста қашалған суреті мен 16 ғасыр бұрын Мысыр еліндегі Нахт қабіріне салынған пішінінен еш өзгермеген. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Аспап әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді.
Не себепті?, неліктен?, неге?
Суретке назар аударсақ әр баланың табиғатқа деген сүйіспеншілігін байқауға болады.Оған дәлел:Арман мен Айшаға қарасақ,ағашқа су құйып жүр.Балалар табиғатты көгалдандыру үшін әртүрлі ағаштардың түрлерін отырғызып жүр.Осыдан әр баланың жеке табиғатқа деген сүйіспеншілігін,қамқорлығын байқауға болады.
Менің жазғы каникулым өте қызықты өтті. Жазғы демалысымды мектеп кезінде қатты күтіп едім, енді міне, сол демалыстың санаулы соңғы күндері өтіп жатыр. Алайда, демалысымның тез аяқталғанына жабырқамаймын. Себебі, мектептегі достарымды, ұстаздарымды қатты сағындым. Каникулымның барлық күні қызықты әрі есте қаларлықтай өтті. Әдетте көп балалар демалыс күндерін басқа қалада өткізгенді қалайды. Ал, мен демалыс күндерімді ата-анамның қасында өткізгенді қалаймын. Себебі, сабақ күндері ата-анама қолұшымды жиі бере бермеймін. Өйткені, олар менің сабақты жақсы оқығанымды қалады, басқа нәрсемен айналысып, көңілімнің бөлінуін қаламады