Мен анаммен аквапаркке барамын.
Мен əкеммен хайуанаттар бағына барамын.
Мен əжеммен аквапаркке барамын.
Мен атаммен аквапаркке барамын.
Буын жеке дауыстыдан және дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпта болмайды. Буын құрамының түрліше болуына бапйланысты буынның қазақ тілінде үш түрі бар. Олар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.
<span>1. Ашық буын. Тек дауыстыдан ғана болған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз. Мысалы: а-ға, а-ғе-ке, ба-ға, бо-са, т.б. </span>
<span>2. Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз. Мысалы: ат, аз, ақ, ән, әр, өс, өр, ор, оз, ұқ, ұт, үк, ық, ін, т.б. </span>
<span>3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған, екі жағынан дауыссызбен қоршалған дауыстысы бар буынды бітеу буын деп атаймыз. Мысалы: бақ, бел, бол, бұлт, бұр, жоқ, жент, дат, зор, қол, көл, соқ, тоқ, паң, таң, заң, мен, нан, т.б.</span>