Кыс келды. кун салкындады.кустар жылы жакка ушып кеттеды.агаштардан жапырактар кулап жатады, гулдер курайды.
Мен батыр болсам бүкіл елді қорғап, сүюші едім. Ең бастысы мен өз туған жерімді сүйемін. Сондықтан оны өмір бойы баты сияқты қорғаймын. Түрлі батырларымыз біздің елімізді қорғап, елін, жерін сүйген. Сонымен қатар өз туған елі, жері үшін күрескен. Сол себептен "Отан үшін отқа түс, күймейсің" деп бекер айтпаған халық.
Менің атам -жылқышы. Әжем екеуі күн жылыса жайлауға көшеді. Жайлауға көшіп келудің өзі бір үлкен мереке. Киіз үй тігуге жайлаудағылардың бәрі кеп көмектеседі. Көршілер мал сойып, аналарымыз самауыр қайнатып,мол дастарқан басында саумал қымызды сапырып, сусындарын қандырып отырып, әңгіме-дүкен құрады. Кең жайлауды еркін жайлағанға жылқылар да кісінесіп қуанғандай. Жазғы демалыста мен де азын-аулақ қой бағып,атама қолқабыс беремін. Әіресе атқа мінгенді ұнатамын.Жақын маңда күркіреп өзен ағып жатыр.Таудан басталып ағатын бұл өзеннің суы мұздай болады. Жайлаудың табиғаты тамаша. Көлде аққулар қалқып жүзіп жүреді. Балалар жиналып асық ойнаймыз,кейде гүл теруге шығамыз. Кешке киіз үйдің ішінде ұйықтағанға не жетсін.
Жақында мен отбасымен бірге табиғат аясына серуенге шықтым. Саяхатта аспанмен тасласқан таулар қарағайлы орманмен қапталған екен. Тау басынан сылдырлаған өзен ағуда. Бұл өзеннің суы- шипалы, емдік қасиеттерге толы. Сары далада жасыл желек шөп самал желмен бірге тербеледі. Осы сәтте, жазық даланың әсемдігін және табиғат мүсіншінің құдіреттілігін түсіндім.
словарь:
серуен- прогулка
қапталған- покрытый
емдік- лечебный
қасиет- свойства
әсемдік-изящество
құдіріттілік- величие