Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі жок
(Cу)
“Терең”сөзінің ауыспалы мағынасын табыңыз.
A) Терең білім.
B) Терең су.
C) Терең өзен.
D) Терең көл.
E) Терең құдық.
2. Езулік дауыстылар қатарын толықтырыңыз:А, ә, е, э, ы, і, ...
A) Ө.
B) Ү.
C) О.
D) У.
E) И.
3. Соңы үнді дауыссызға аяқталатын сөзді көрсетіңіз.
A) Міндет.
B) Қозы.
C) Ағаң.
D) Көрпеш.
E) Кенесары.
4. Сөздің ең алғашқы мағыналық бөлшегін қалай атайтынын көрсетіңіз.
A) Күрделі сөз.
B) Қосарлама сөз.
C) Біріккен сөз.
D) Туынды сөз.
E) Түбір сөз.
5. Күрделі зат есімді табыңыз.
A) Жұмысшы.
B) Оқулық.
C) Асхана.
D) Өнеркәсіп.
E) Басшы.
6. Сан есімге қандай тыныс белгісі керек, анықтаңыз.
Қапты 2 ден көтеріңдер.
A) Үтір.
B) Дефис.
C) Қос нүкте.
D) Нүкте.
E) Тире.
7. Заттың өзін де, белгісін де, санын да білдірмейтін, есім сөздер орнына жұмсалатын сөз табын көрсетіңіз.
A) Етістік.
B) Сын есім.
C) Зат есім.
D) Есімдік.
E) Сан есім.
8. Бұйрық райлы етістікті табыңыз.
A) Барған.
B) Барды.
C) Бар.
D) Бармақ.
E) Барар.
9. Сөйлемде неше еліктеу сөз барын белгілеңіз.
Қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп етті.
A) 3.
B) 2.
C) 4.
D) 1.
E) 5.
10. Омоним бола алмайтын сөзді белгілеңіз.
A) Терезе.
B) Өлең.
C) Табыс.
D) Отау.
E) Орыс.
11. Сөз арасындағы кейінді ықпалды табыңыз.
A) Жүз сом.
B) Салт-сана.
C) Қара торы.
D) Қол орақ.
E) Тоғай іші.
12. Салыстырмалы шырайды табыңыз.
A) Сарғылт.
B) Аса көп.
C) Сап-сары.
D) Өте сары.
E) Сары.
13. Себеп-салдар үстеулі тіркесті көрсетіңіз.
A) Тез келді.
B) Амалсыздан көнді.
C) Дереу жетті.
D) Етпетінен жығылды.
E) Жорта сөйледі.
14. Септеулік шылауды көрсетіңіз.
A) Шынар-ай, ойымды дөп бастың, сәулем.
B) Егер жолым болып кетсе, бәріңе жақсылық болады.
C) Жұмыстан бұрын сенімен кездесу қиын боп кетті.
D) Я ұл, я қыз болсын, ұрпақ болса болғаны.
E) Көкірегі ашуға толып тұр, бірақ оны сыртқа шығармады.
15. Жанаса байланысқан пысықтауыштық қатынасты табыңыз.
A) Мәдимен кездесу.
B) Мейірімді бала.
C) Ақсақ құлан.
D) Үздік оқу.
E) Жолдассыз адам.
16. Тура толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.
A) Тек жүрсең, тоқ жүресің.
B) Өтірікші өзін алдайды.
C) Оқусыз білім жоқ.
D) Әдеттің жөні-әдет.
E) Қар жауды.
17. Аралас құрмалас сөйлемнің арасына үтір мен сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
Егер мұғалім болғымыз келсе, жалдайтын ауыл да табылды, менің жалданғым да келді, - оған Баймағамбет болмады.
A) Бірыңғай мүшеге.
B) Қарама-қарсылық мәні болғандықтан.
C) Күрделі сөз тіркестерінің арасына.
D) Қалған сөйлемге басыңқы сыңар ұйытқы болғандықтан.
E) Себеп мәнді мағыналы болғандықтан.
18. «Біріншіден, екіншіден» деген қыстырма сөздердің мағынасын анықтаңыз.
A) Көңіл-күй.
B) Өкіну.
C) Ой тәртібі.
D) Сендіру.
E) Мақұлдау.
19. Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
Абай операсы - қазақ музыкасын биік белге шығарған ірі туынды.
A) Бастауыш - сан есім, баяндауыш - етістік.
B) Қосарлы айқындауыш.
C) Бастауыш - есім, баяндауыш - есім.
D) Бастауыш сын есім, баяндауыш зат есім.
E) Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есім.
20. Грамматикалық тұлғаларында өзгерісі бар диалект сөзді табыңыз.
A) Маңдай.
B) Аласа.
C) Көз.
D) Пысқан.
E) Қырағы.
21. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді табыңыз.
A) Қырықаяқ.
B) Саңырауқұлақ.
C) Ақкенже.
D) Түрегел.
E) Ілімхан.
22. Еркін сөз тіркесін табыңыз.
A) Қоян жүрек.
B) Су жүрек.
C) Қалта сағат.
D) Жүгіріп бара жатыр.
E) Төбе шашы тік тұру.
23. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Ердостың атқа мінгісі келді.
B) Абай шығармаларынан үзінді келтірді.
C) Асанмен бес жыл бірге оқыдым.
D) Қызықты кітап.
E) Мөлдір бұлақ.
24. Төлеу сөзді көрсетіңіз.
A) – Айналайын, келінжан, өркенің өссін!
B) Той да өтті, Ыбыштың есін алған көкпар да өтті.
C) Артына қарап өкініш көрсе, алдына қарап үміт көреді.
D) Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ.
E) Сәбит Мұқанұлы бір кітапты бітіріп, екіншісін бастағанда, демалатынын айтты.
25. Соңғы жылдары шешендік сөздерді жинап, зерттеп, танытуға үлес қосқан ғалымды табыңыз.
A) Ә.Кекілбаев.
B) М.Жұмабаев.
C) А.Байтұрсынов.
D) Б.Адамбаев.
E) С.Сейфуллин.
1. A
2. E
3. C
4. E
5. D
6. B
7. D
8. C
9. B
10. E
11. C
12. A
13. B
14. C
15. D
16. D
17. E
18. C
19. E
20. D
21. D
22. C
23. C
24. E
25. D
Отан десем оралады ойыма Ақсақалды, ақ шапанды қария, Туған жерім - құт мекенім, дариям, Егеменді елім, туым, әнұран, Қанатымды қағып ұшқан жанұям. Осы жолды аңсап еді еліміз, Ар-намысты батыр туған жеріміз. Мақтан етер бай мұрасы, салты бар, Мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар. «Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс, ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһармандары... Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін. Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 20 жыл өтті. Қазақстанның жиырма жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар. Бүгінгі Қазақстан Астанасын бас қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналдыра, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүние жүзіне танытуға күш салуда. Бұған мемлекетіміздің Біріккен ұлттар ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып дүние жүзі елдерімен тығыз байланыс орнатуы және осы жолда атқарып жатқан қыруар істері дәлел бола алады. Кемеңгер Елбасымыздың «Қазақстан – 2030» бағдарламасы өз бағытымен жүзеге асса, келешекте Қазақстан мемлекеті дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер қатарына қосылады деген сенімдемін. «Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын. Барша Қазақстандықтарды елімнің мерейлі мерейтойымен құттықтай отырып, ашық аспан көгінде қалықтаған қырандай еркіндік пен даму, асқан бақыт және шексіз қуаныш, биік белес пен шығар шың тілеймін.
Бүгін жарыстарша волейболға. Екі команда бәстеседі. "Арыстандар" деген команда және "жеңіс" деген команда. жас қыздар қатысады. Оларға дейін 15-16 жас. Мен волейболды өте сүйемін. Сол қызықты және пайдалы ойын.