"Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт. –
деп жырлағым келеді.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.
Мен Қазақстан деген кең байтақ елде тұрамын. Менің елімнің жері кең, тынысы мол, жандарының көңілдері жайдары . Өзім қазақ болып жаралғаныма қуанамын, өйткені менің елімнің тарихы, салт –дәстүрі, әдет –ғұрпы өте бай. Мектепте қазақ әдебиеті пәнін оқығанда ,өз ұлтымның қыры мен сырын жете танисың.Мектеп ішінде қазақ тілі мен қатар орыс тілін де оқимыз. Бұл тілді біз басқа мемлекеттің балалары сияқты шетел тілі деп алмаймыз, ол біздің екінші тіліміз сияқты. Менің Қазақстанымда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Біз әрұлтты мемлекетпіз. Елімізде тұратын ұлттардың өз асссамблеясы бар екенін бізге мұғалім түсіндіріп кетті. Біздің қазақ ұлтының құқықтық правосы заңмен қалай сақталса, басқа ұлттардың да праволары солай қорғалады. Мәртебесі көкке жеткен еліміз көптеген жетістікке жетті. Жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Бір шаңырақтың астында қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, татар, ұйғыр, әзірбайжан, башқұрт, неміс, украин, белорус, кәріс татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Көп ғасырлар бойы олар бір - бірінің салт - дәстүрін құрметтеп, жерімізді бөлісіп отыр. Қазақта «Отаны бірдің тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір, атасы басқа болса да, Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп отырған Қазақстан атты елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз - біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
Біз білмейтін талай елдердің соғыстарын, террорлық істерді көргенде шошисың. Бізде бейбітшілік болып тұрғанға қуанасың, оның бәрі Елбасымыздың саясатының арқасы. Бейбітшілік болған соң ,биыл тәуелсіздігіміздің 20жылдық тойын жасамақпыз. Елімнің болашағына, халқыма бейбіт өмір, халықтар арасына достық, ынтымақтастық
болсын деймін. Біз бейбітшілік өмірді қалаймыз!
Саяжайда экскаватор жер аударды. Бұл жерде электр сымдары тартылмаған.
Нужно перевести слова, нужные слова поставить в нужные цветы.
Умка можешь сказать в каком городе ты живёшь и в каком ты классе, у меня есть важная информация